Нарық

ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметті қонақтары жазба қалдырған Кітап жарық көрді

  • ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметті қонақтары жазба қалдырған Кітап жарық көрді

    ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметті қонақтары жазба қалдырған Кітап жарық көрді

Таяуда ғана мәресіне жеткен ЭКСПО-2017 әлем жұртшылығының қазақстанға және еліміздің экономикасына қызығушылық танытқанына дәлелдейтін тарихи құжат.

ЭКСПО көрмесінің тарихында алғаш рет Орталық Азияда көмірсутекті шикізат экспорттаушы ірі елдердің бірі Қазақстан «жасыл» экономика тақырыбын қозғады. Біздің еліміз карбонсыз энергетикаға көшуге ниет білдіру арқылы экономиканың дамуына күш салмақ.




ЕXPO 2017 өткен уақытта елімізге барлығы 110 жоғары лауазымды адам, олардың 19-ы мемлекет басшысы, 16 премьер-министр мен орынбасарлары. Сондай-ақ көрменің тақырыбы ғалымдардың, оның ішінде экономистер мен футурологтардың аса қызығушылық танытты. 300-ден астам шетелдік сарапшы «Болашақ энергиясы» форумына қатысты.

EXPO 2017 қонақтары Астанадан өздерін ғаламдық іске қатысқандарын сезініп қайтты. Бұл халықаралық шара болашақта әлемдік экономика трихына әсер етіп, адамзатты экологиялық қатерден сақтауыына септігін тигузуі әбден мүмкін. 




«Болашақ энергиясына арналған ЭКСПО-2017 секілді мұндай ғаламат шараға қатысу мен үшін мәртебе. Осындағы инновациялар болашақта Қазақстанға және басқа да елдерге өзінің оң әсерін беретініне сенімдімін. ЭКСПО 2017 үлесін қосады деп сенемін. Бұған дәлел – «Нұр әлем». Біз БҰҰ атынан 2030 бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсатты жұмыстары үшін Қазақстанға алғыс айтамыз» деп Кітапқа жазба қалдырды БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Джихан Султаноглу.




«Қазақстан ұйымдастырған ЭКСПО 2017 барша халықтың назарын жаңартылған энергияға аударды. Баламалы энергия көздерін дамытуға әлем болып күш біріктіру қажет. Дәстүрлі энергия жаңа энергия бастауларымен ауысуы тиіс. Сонда ғана қоршаған ортамыз таза болмақ. Таза табиғатта өмір сүру үшін көпшілікті жұмылдыру, жаңа энергияға бағыттау өте дұрыс деп есептеймін», деп жазды Үндістан Қорғаныс саласының генералы Бипин Рават.


«Маған таңқаларлдық дүиелер қатты әсер етті. «ЭКСПО-2017» көрмесінде ЕАЭС елдері және басқа да мемлекеттер өздерінің технологиялық әлеуетін, ғылыми мектептерін, инновациялық жетістіктерін көрсетуге тырысты.

«ЭКСПО-2017» ұйымдастырушыларына көрмеде жинақталған деректерді түгелдей сақтап қоюын тілеймін. Ерекше сәулет кешені технология мен инновацияның орталығы ретінде жұмысын жалғастыруына тілектеспін» деген тілек білдірді Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы Тигран Саркисян.

Сондай-ақ АҚШ Энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйетт ЭКСПО 2017 көрмесінен еркеше әсер алғанын айта келіп, Қазақстанның ұлттық павильоны үшін ерекше алғыс білдірді. Ол болашақта жаңартылған энергияға бірлесіп жжетіміз деген пікірін айтты.

Құнды кітап бізді және әлемді өзгерткен EXPO 2017 көрмесінің 93 күнінің ғажап тарихи естелігі болып қалмақ!


Кітаптың толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп көре аласыздар: expo2017astana.com/ru/page_id=2047




Көрілген: 385    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 25.09.2017, 17:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30