ЭКСПО бізге не береді?

ЭКСПО бізге не береді?

Соңғы екі күн бойы Астанада ЭКСПО көрмесіне қатысатын шетел мамандарының кеңесі өтуде, оларды "халықаралық қатысушылар" дейді. Мәжіліс кезінде сол халықаралық қатысушыларға «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысты барлық ақпарат берілді. Алайда бұл іс-шараның тағы бір мақсаты - дайындық жұмыстарын жан-жақты пысықтап, өзекті деген мәселелерді анықтау. Сөйтіп, осы іспетті кеңестерді жыл сайын өткізудің арқасында Қазақстан ЭКСПО көрмесіне толығымен дайын болып жетілуі керек. Бірінші кеңеске қатысқан "Алаш айнасы" интернет-газетінің тілшісі ЭКСПО-ның біз білмейтін кейбір тұстарын ашып көрді.
Біріншіден, қазіргі жоспар бойынша халықаралық қатысушылардың, яғни шетелден келетін қонақтардың саны 15 пайыздан аспайды. Олардың өзі Ресей мен Қытай сияқты көрші мемлекеттерден келетін көрінеді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы туризм департаментінің директоры Аниса Бердинаның айтуынша, барлық келушілердің 85 пайызын қазақстандықтар құрайды. Көрме кезінде Астанаға 2 миллионнан астам адам келіп кетеді деген жоспар бар. Демек, солардың басым бөлігі Қазақстан азаматтары болмақ. Әрине, ондай мәлімдеменің негізі де жоқ емес. Компания арнайы зерттеу арқылы ЭКСПО-ға келетін қазақстандықтардың санын анықтап қойған көрінеді. «Қазір ел азаматтарының 10 миллионнан астамы ЭКСПО-ның Астана өтетінін жақсы біледі. Олардың 5,6 миллионы көрмеге келуге әзір», - дейді маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Қожақова. Сөйтіп, ЭКСПО арқылы біз Қазақстанға үлкен жарнама жасай алмасақ та, ішкі туризмді барынша дамыта аламыз.
Екіншіден, қазірдің өзінде көрме ұйымдастырушылары барлық шығындарды ақтау міндет емес деп отыр. Негізгі мақсат - отандық және шетелдік қатысушылардың барлық талап-тілектерін орындап, жанға жайлы жағдай жасау. Мәселен, көрме кезіндегі коммерциялық қызметтен 283 миллион еуродан астам пайда түспекші. Ал халық көрме аясында сан сан алуан іс-шараларға 5 миллион рет (бүгінде көбісі 5 млн. адам деп шатастырып жүр - авт.) келіп кетсе, 82 миллиондай еуро жиналады. Билет бағасына келер болсақ, бір шараға кем дегенде 28 еуроға шығындалуға тура келеді. Мүгедектер мен көпбалалы отбасылар сияқты әлеуметтік топтар үшін жеңілдіктер болуы әбден мүмкін. Алайда "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы Талғат Ермегияевтың айтуынша, көрме кезінде "билеттерді неғұрлым көп алсаң, соғұрлым арзанға түседі" деген қағида басым болатын сыңайлы. Әлбетте, оның барлығы ЭКСПО-ға кететін шығындарды ақтамайды. «Басты мақсат – пайда табу емес, көрмеге келетін адамдарға ыңғайлы жағдай жасау, олардың талап-тілектерін қанағаттандыру», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ инвестициялар және коммерциализация департаментінің директоры Ержан Мейрамов. Бүгінде бюджет шығындарын барынша азайту қарастырылып отыр. Ол үшін демеушілердің қаржысы көптеп тартылмақ. Ал демеушіліктің қаржылай көлеміне қарай сан алуан жеңілдіктер беріледі. Мәселен, бір жылдық табысқа үш-ақ пайыз салық салынады. Ал отандық кәсіпкерлер жалпы тамақтану қызметтерін ұсынып, концерттер мен ойын-сауық шараларын ұйымдастыра алады. Әлбетте, сувенир де сатуға болады.
Сонымен, ЭКСПО бізге не береді? Бұл сұраққа Халықарлық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталестің сөзімен жауап берген дұрыс сияқты. Оның айтуынша, Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінен кейін Қазақстанда үлкен зияткерлік мұра қалады. "Шынымды айтсам, менің көрмелер мәселесімен айналысып жүргеніме біраз жыл болды. Осы уақыттың ішінде мен Астана сияқты ЭКСПО-ның дайындық жұмыстарына білек сыбана кіріскенді бірінші рет көріп отырмын. Бұл жерде қарқынды прогресс айқын байқалады. Қазақстанның билігі ЭКСПО арқылы Астана қаласының инфрақұрылын барынша дамытуды көздейді. Бұл - құптарлық іс. 2017 жылғы көрмеде зияткерлік мұраның озық үлгілері таныстырылады. Сондықтан ЭКСПО-дан кейрін қазақстандықтарға тек материалдық мұра ғана емес, үлкен зияткерлік мұра да қалады", - дейді Лоссерталес мырза.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста