Нарық

Елбасы бензин мен көмір мәселесін өз бақылауына алды

  • Елбасы бензин мен көмір мәселесін өз бақылауына алды

    Елбасы бензин мен көмір мәселесін өз бақылауына алды

Үкімет отырысында халықты бензин және көмірмен қамтамасыз ету мәселесі тағы да қаралды. Бұл туралы Sputnik хабарлайды.


Ішкі нарықты мұнай өнімдері мен көмірмен қамтамасыз ету мәселесін президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке бақылауына алды, деп мәлім үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.


“Ішкі нарықты мұнай өнімдері мен және көмірмен қамтамасыз ету мәселесі Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Кеше президент Қанат Алдабергенұлын Ақордада қабылдаған кезде жауапкершілік туралы ескертіп, бізге тапшылыққа жол бермеу бойынша тиісті жұмыстарды істеуге тапсырма берді”, — деді Сағынтаев үкімет отырысында.


Осыған байланысты үкімет басшысы Бозымбаевқа көмір және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша жұмысты әкімдіктермен бірлесе жүргізе беруді тапсырды. Ал бұл жұмыстың орындалуын премьердің бірінші орынбасары Асқар Мамин қадағалайды.


“Монополияға қарсы органдар баға белгілеуге қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізуді жалғастыруы керек.Ендігі аптада осы мәселеге қайта ораламыз, — деді Сағынтаев.


Президент кеше энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдаған болатын. Кездесуде мемлекет басшысы елдегі жанармай мен отын тапшылығы үкімет пен энергетика министрлігі тарапынан жіберілген қателік пен олардың бұл мәселедегі жауапсыздығынан туындағанын атап өтті. 




Көрілген: 658    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 17.10.2017, 20:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30