Нарық

Елдің кейбір аймақтарында егінге орақ түспей жатып, жанармай жыры басталды

  • © dnews.dn.ua

    © dnews.dn.ua

Үкімет дизельді отын бағасын реттемесе, ауыл шаруашылығы құрдымға кетуі мүмкін. Елдің кейбір аймақтарында егінге орақ түспей жатып, жанармай жыры басталды. "Дизель отыны бағасының екі есеге көтерілуі шаруа қожалықтарын шаш етектен шығынға батырады", - дейді Фермерлер одағының төрағасы. Энергетика министрлігінің мамандары не дейді?


Әуезхан Дәрінов, «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:


- Неге фермелер байбалам салады? Өйткені бұл кісілер өздерінің шығындарын қаңтар-ақпан айында жоспарлап, астықтарын сатып, бағасы ол уақытта жанар-жағармайдың 130-140 теңге болды. Соған пландап жасап қойған. Соған жеткілікті ғой деп, қалғанын жаңағы бөлшектерін, тыңайтқышын алып, техникасын алып деген сияқты, сөйтіп, бүгінгі күні ақшаларын жұмсап қойды. Енді мынау қымбаттағаннан кейін ол ақшаны қайдан алады?


«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер биылғы күзгі жиын-терімге сұраған 394,4 мың тонна дизельді отынмен толығымен қамтамасыз етіледі. Оны фермерлер өз қаражатына сатып алады", - деді бүгін Орталық коммуникациялар брифингінде Энергетика вице-министрі. Ал бағаға қатысты шаруалардың шағымына Болат Ақшолақовтың жауабы қысқа.


Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика вице-министрі:


- Мемлекет заң бойынша мұнай өнімдері мен дизель отынына бағаны реттемейді және, сәйкесінше, субсидиялауға қатыспайды. Сондықтан баға нарыққа тәуелді болады. Ал ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне арзандау сатамын десе, ол бизнес өкілдерінің еркі.


Бүгінгі таңда елдің оңтүстігінде егін орағы аяқталды. Солтүстік өңірде 10-15 күнде басталады. Дизельді отын бағасының күрт көтерілуінен шаруалар күзгі астықтың 20 пайызын жинай алмай қалуы мүмкін. Бұлай жалғаса берсе, келер жылы егін алқаптары да айтарлықтай азаяды, дейді фермерлер. Жанар-жағармай өндірушілер мен Үкіметтен күдерін үзген шаруалар енді Елбасыға шағымданамыз деп отыр.


astanatv.kz


 




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31