Нарық

Электронды сауда-саттықпен айналысатын салық төлеушілер үшін арнайы жеңілдіктер енгізілген

  • Электронды сауда-саттықпен айналысатын салық төлеушілер үшін арнайы жеңілдіктер енгізілген

    Электронды сауда-саттықпен айналысатын салық төлеушілер үшін арнайы жеңілдіктер енгізілген

Жыл басынан бастап электронды сауда-саттықтан түскен табыс корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығынан 100%-ға босатылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа бизнес-орта құру және электрондық сауданы дамытуды ынталандыру мақсатында енгізілген жаңа Салық кодексінің шеңберінде электрондық сауда саласында алынатын кірістерді корпоративтік және жеке табыс салықтарынан 0% -ға дейін босату бөлігінде жалпыға ортақ белгіленген тәртіпте заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін преференциялар күшіне енді.

Кәсіпкер интернет арқылы еркін сауда жасай отырып арнайы жеңілдікті қолдану үшін белгіленген электрондық аймаққа тіркеліп, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуы қажет.

Мамандардың статистикалық деректеріне сәйкес, 2017 жылы ҚР электрондық сауда нарығының көлемі 106,9 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл дегеніміз жалпы бөлшек тауар айналымының 1,2%, өсім – 36,2%. «Қазпошта» АҚ деректері бойынша, 2018 жылдың 5 айындағы электрондық сауда нарығының көлемі 101 млрд. теңгені құраса, ал бөлшек тауар айналымының 2,9%-ын құрап отыр.

«2018 жылдағы 5 айлық көрсеткіш бойынша 110 жаңа электрондық сауда субъектілері тіркелді. Нарықта 1658 интернет-дүкен жұмыс жасайды, сатып алушылар саны 5%-ға өсті. Аталған салада 71,6 мың адам жұмысқа орналасты», – деді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, енгізілген жаңашылдықтар электрондық сауда субъектілерінің санын көбейтуге оң ықпалын тигізеді.

«Жалпы, электрондық сауда саласында жүргізіліп жатқан іс-шаралар экономиканың басым салаларының бірі ретінде сауда саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. 2022 жылға қарай электрондық сауда үлесін 2,6%-ға дейін ұлғайту және 200 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», – деп айтып өтті Т. Сүлейменов. Бұл норманы қолдану 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылатын болады.

Айта кетелік, Салық кодексінде тауарлармен электрондық сауда түсінігі айқындалған. Оған сәйкес, келесідей шарттар сақталуы тиіс: тауарлар өткізу жөніндегі мәмілелер рәсімдеу электрондық нысанда және ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілуі, тауарларды сатып алушыға жеткізу жүк тасымалдау бойынша қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттың болуы.

 




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.08.2018, 18:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31