Нарық

Елімізде баспанаға мұқтаждық неге азаймай отырғаны анықталды

  • © Sputnik / Алексей Филиппов

    © Sputnik / Алексей Филиппов

"Нұр Отан" партиясы елімізде баспанаға мұқтаждық неге азаймай отырғанын зерттеген. Сөйтіп, әкімдіктердің өңірде салынған үйлер туралы үкіметке беретін есебі дұрыс болмай шықты. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Қазақстандағы әрбір бесінші адам тұрғын үй мәселесіне қанағаттанбайды. Мәселен, 26 %-н несиені өтеу мәселесі алаңдатса, 14%-н жеке тұрғын үйі жоқтығы мазалайды, 22%-ы өзінің тұрғын үй жағдайына қанағаттанбайды, яғни алты баласымен бір бөлмелі пәтерде тұрады", — деп атап өтті партия хатшысы Ақтау қаласында Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша өткен отырыста.


Сондай-ақ, ресми мәліметтер бойынша, 2017 жылдың басында баспанаға мұқтаж адамдар саны 2,6 миллион болды, яғни халықтың 14%-ы. 420 мың адам әкімдіктерде және 1 миллион 200 мың адам жер алу кезегінде тұр. Шамамен, халықтың 10%-ы бір бөлмелі пәтерде тұрады. Осылайша, халықтың көп бөлігі не өз баспанасына мұқтаж немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуды қалайды екен.


"2017 жылы 11 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, бірақ үйге деген сұраныс толастар емес. Неге? Біз «Нұр Отан» партиясы сұрақты зерттеп қарасақ, бұл әкімдіктердің кейбір есептеріне байланысты екен. Мысалы, "Осыншама миллион шаршы метр үй берілді" дейді, бірақ қалталылардың салып жатқан бірнеше үйі де сол есепке кіріп кетеді. Себебі, ауданның құрылыс бөлімшесі мәліметтерді жинақтап береді, ал облыстық басқарма берілген есепті үкіметке ұсынады. Әрине, есеп жүзінде мұқтаждық жабылады, ал халықтың мұқтаждығы қалады", — дейді Қаныбек Жұмашев.


Отырыста белгілі болғандай, Қазақстан ұлттық банкі "7-20-25" бағдарламасы бойынша Астана, Алматы қалалары мен облыстар үшін жоғары өтеу бағасын алдын ала таныстырды. Мысалы, Астана мен Алматы қалаларына бір адамның қолына 20-25 миллион, ірі қалаларда 13-16 миллион, ауылдық жерлерде 7-8,8 миллион теңгеге дейін ипотекаға қаржы беріледі.


"Бұл бағдарламамен ауылда үй салынбаса, ол жұмыс істемейді деген сөз", — деді партия хатшысы.


 


 


 




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.04.2018, 20:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30