Нарық

Елімізде бензин бағасы қашан арзандайды?

  • Елімізде бензин бағасы қашан арзандайды?

    Елімізде бензин бағасы қашан арзандайды?

Осы аптада бензин тапшылығы толық шешіледі. Күні кеше президенттен ұрыс естіп шыққан Энергетика министрі бүгін Үкіметте осылай уәдесін үйіп-төкті, деп хабарлайды КТК.

Үкімет ә дегеннен отырысын соңғы күндердің күйіп тұрған тақырыбы бензин тапшылығынан бастады. Кеше Қанат Бозымбаев елдегі жағдай бойынша арнайы Ақордаға барып мемлекет басшысының алдында есеп берген-ді. Бір аптаның ішінде тікелей басшысы премьерден де ұрыс естіп, президенттен де сөгіс алған, көңілі жабырқаулы министрге бүгін Бақытжан Сағынтаев жұмсақтық танытты.


– Қанат Алдабергенұлы, сізден бастағым келіп отыр. Орныңыздан айта беруге болады.


-Рақмет. Құрметті Бақытжан Әбдірұлы


Отырып жасалған есептің қисабы мынадай. Павлодар мұнай өңдеу зауыты он күннің ішінде толық қуатына шығады. Мерзім 26 қазан. Шымкент зауыты өндірісін айына 380 мың тоннадан 490 мыңға дейін ұлғайтады. Екі зауыт АИ-95 өндірісін уақытша қысқартып, 92-нің қорын 170 мың тоннаға дейін көтеріп алулары тиіс. Сондай-ақ бізден қымбат болса да, Ресейден 100 мың тонна отын аламыз. Оның жартысы келіп те үлгерген. Бүгінге елде 13 күндік бензин қоры бар деді министр.


“Осылайша, біз осы апта жағдайды толық тұрақтандырамыз. Жұма соңына дейін қалған 50 мың тонна ресейлік бензин келуі тиіс. Өзіміздің зауыттар да келесі аптада қалыпты жұмыс істеп, жағдай түзеледі. Бағаға келетін болсақ, әрине импорт артып отыр, бірақ келесі айдан сіздің тапсырмаңыз бойынша баға саясатын реттеуге кірісеміз”, – деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.


Бірақ бағаны айтарлықтай төмендетеміз деуге министр асықпайды. Болжам бойынша деп, сақтық жасап желтоқсанда 5-6 теңгеге түсуі мүмкін дейді. Ал қазан, қарашада АИ-92-нің литрі 161 теңге болады.


Бозымбаевтың баяндамасында көмір де артығымен қазылып, тіпті экспорт артты деген мәліметтер келтірілді. Қос министрлік бірігіп тағы бір таптышылықтың себебін анықтапты. 13 өңірде құзырлы мамандар алыпсатарлардың ізіне түскен. Енді заң қабылдау керек дейді.


“Тауар биржалары арқылы көмір сатудың ең аз көлемін 500 тонна етіп заңмен бекіту керек. Бүгінгі таңда бұл көлем 3 мың тонна. Алып сатарлар биржалық заңды алдап, заңсыз сауда жүргізіп отыр. Сонымен қатар көмірді де мұнай тәрізді, сұранысы жоғары маусымда экспорттын шектеу керек”, – дейді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин.


Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, кешегі Президенттің «менің сөгісім жұмыстан қуылуымен пара-пар» деген сөзіне қатысты да пікір білдірді. 




Көрілген: 528    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 17.10.2017, 21:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30