Нарық

Елімізде ет бағасы қымбаттап, базарда бір келісі 2300 теңгеден сатылуы мүмкін

  • Елімізде ет бағасы қымбаттап, базарда бір келісі 2300 теңгеден сатылуы мүмкін

    Елімізде ет бағасы қымбаттап, базарда бір келісі 2300 теңгеден сатылуы мүмкін

Елімізде ет бағасы қымбаттап, базарда бір келісі жеті доллардан, яғни 2300 теңгеден сатылуы мүмкін. Қытайға ет экспорты басталса, баға өседі деген ақпаратты бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі де растады. Ал Үкімет ең өтімді сиыр етін еліміздің 9 облысынан Қытайға жіберуге сақадай сай отыр. Жылына Ресейге 60 мың тонна ет экспорттамақ болған еліміз, енді Қытайға бет бұрып, оларға 50 мың тонна сатуды жоспарлап жатыр.

Етті экспорттауды ұзақ жылдар жоспарлаған Үкіметтің үміті жақын күндері ақталатын сияқты. Бүгін премьердің алдында баяндама жасаған Ауыл шаруашылық вице-министрі Қайрат Айтуғанов тоңазытылған сиыр етін Қытайға жіберуге кедергілердің жойылғанын жеткізді. Яғни, еліміздің 9 облысынан мал шаруашылығы өнімдеріне аусылға қатысты шектеу алынып, 5 өңірде вакцинациялау жүргізілуде. Енді екі ел арасындағы келісім аяқталса, жылына елімізден 50 мың тонна сиыр еті Қытайға жөнелтіле бастайды...

ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, ҚР Ауыл шаруашылық министрінің бірінші орынбасары:

- В сентябре прошлого года получено разрешение на экспорт в Китай лошадей, а вчера меда. До конца года планируем согласовать на китайский рынок замороженной баранины.

Алайда, ел ішінде мал өнімдерін экспорттау басталса, еттің бір келісі 7 долларға, теңгемен шаққанда 2300 теңгеге деген сыбыс шыға бастады. Бүгін осы ақпаратты ауыл шаруашылығы вице-министрінің өзі растады. Және шенеунік баға өссе мал өсіретін шаруалар да қуанады деп отыр...

ТӨЛЕУТАЙ РАҚЫМБЕОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Жеті доллар деген ақпаратты мен де естідім. Ол ішкі нарықтағы, бөлшек саудадағы баға болуы мүмкін. Ондай көтеріңкі баға болса, тауар өндірушілер қуанады.

Бағаның қымбаттайтынына шаруа қожалықтары қуанғанымен, сатушылар қуанып тұрған жоқ. Қазірдің өзінде базарда қымбатшылық, малдың құны аспандап тұр. Ал, экспортқа шығарсақ ішкі нарықта жетіспеушілік болып, ет шарықтап кетеді деп қауіптенеді...

НҰРКЕНШЕ ЖҰБАНАЛЫҚЫЗЫ, сатушы:

-Ол қытай еліміздің етінің дәмді екенін білсе, бізде ет қалмайды. Сонда ет деген шарықтау шегіне шығады. Сонда біз халыққа қандай бағамен сатамыз? Халық сонсыз да мына бағаның өзі қымбатқа соғып отыр.

Ал, Қытайға ет қандай бағамен экспортталатыны да әзірге белгісіз. Шенеуніктер өнімнің құны екі жақтың келісіміне байланысты болмақ деп отыр. Және етті тексеретін зертхана, жеткізетін көлік шығыны мен қосалқы салығы да есепке алынуы тиіс.


Гүлбану Әниятқызы, Жанар Қожанова, Ахмедияр Ілиясов


www.31.kz




Көрілген: 396    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 18.05.2017, 12:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30