Нарық

Елімізде Моңғолиядан заңсыз әкелінген көліктер бар - комитет ескерту жасады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанда Моңғолиядан кедендік заңнама нормаларын бұза отырып әкелінген автомобильдер бар. Бұл туралы   ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


«Бүгінгі күні еркін саудада Моңғол Халық Республикасынан кедендік заңнама нормаларын бұза отырып әкелінген автомобильдер бар. Заң бұзушылар ішкі істер органдарында тіркеу есебіне қою үшін жалған кедендік құжаттарын пайдаланған. Заңсыз айлалар Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы кеден қызметтерінің ақпараттық жүйелерінің деректер қорын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде есепке алу туралы деректерімен салыстыру нәтижесінде анықталды. Негізінен 2001 - 2010 жылдары шыққан Оңтүстік Корея өндірісінің автомобильдері (Хундай, Киа) әкелінген. Қазіргі кезде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік кірістер органдарымен контрабандалық автомобильдерді кідірту бойынша шаралар қабылдануда. Осыған байланысты, азаматтарды жүрілген көліктерді сатып алу кезінде сақ болып, автомобильдің кедендік тазартудың дұрыстығын аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну жолымен тексеруге ерекше назар аударуды ұсынамыз»,- делінген комитет таратқан хабарламада.


Сондай-ақ, ведомство қазіргі кезде мемлекеттік кірістер органдарымен кедендік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқан автомобильдердің тізімін мына сілтеме арқылы қарауға болатындығын хабарлайды.


 




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.07.2018, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30