Елімізде мұғалімдерге пайызсыз несие беру ұсынылды

Елімізде мұғалімдерге пайызсыз несие беру ұсынылды

Қазақстан мұғалімдеріне пайызсыз несие беру мәселесін пысықтау керек.
Бұл туралы Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында депутат Жанат Омарбекова айтты.

«Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мұғалімдерге пайызсыз несиелер беріледі. Жергілікті жерлерде педагогтардың тұрақты жұмыс істеуі мәселесін үнемі талқылаймыз. Осы ретте әлеуметтік жеңілдіктер, еңбекақы, баспана беру тақырыптарын қарастырудамыз, алайда бұл мәселелер толық шешімін таппай келеді. Егер де халықаралық тәжірибені назарға алсақ, кейбір елдерде пайызсыз несиелер беріледі. Егер адам жұмысынан кетсе, онда ол пайызсыз жеңілдіктерін жоғалтады. Яғни, кейіннен қарызы бойынша пайызын төлей бастады. Менің ойымша, осы бағытты пысықтаған дұрыс болады», - деді Жанат Омарбекова.

Бұдан бөлек, жиын кезінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысын көтеру мәселесіне тоқталды.

«Балабақша тәрбиешілерінің мәселесі өте маңызды. Әрине, 30-40 мың теңгеге жалақығы балабақшаға жақсы білімді әрі білікті маманды тарту оңай емес. Сондықтан бұл тақырып біз үшін қиын мәселенің бірі. Осы орайда тиісті органдарға ұсыныс енгізу арқылы бұл проблеманы қарастырып жатырмыз», - деді А. Аймағамбетов.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста