Нарық

Елімізде өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандарға жаппай салық салынбақ

  • Елімізде өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандарға жаппай салық салынбақ

    Елімізде өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандарға жаппай салық салынбақ

Бюджетке салық төлемегендер мемлекеттен қайыр күтпесін. Бүгін вице-премьер өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар кәсібін ресми тіркемейінше Үкімет мүлдем әлеуметтік көмек көрсетпейді деді. Ерболат Досаевтың айтуынша, Еңбек және Қаржы министрліктері өз күнін өзі көріп жүргендерге арнап бөлек заң жобасын әзірлеуде. Құжат оларды салық төлеуге міндеттейді.


Үкімет өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендерді түгендеуге қатты кіріскен сияқты. Шенеуніктер өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендерге не үшін салық салмақ?


Қаржы және Еңбек министрліктері өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендерге қатысты құжатты енді қолға алған. Шенеуніктер әзірге заңның талаптарын өзара талқылап жатыр. Бірінші кезекте еш жерде тіркелмей табыс тауып отырған азаматтарға салық төлетеміз дейді вице-премьер Ерболат Досаев.


Ерболат Досаев, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: -Өкінішке орай, кейбір кәсіпкерлер бақылаудан тыс қалған. Меніңше, әрбір заңды тұлға, кез-келген азамат қадағалауда болуы тиіс. Адамдар Конституцияға сай әлеуметтік көмек талап етпес бұрын, алдымен мемлекетке салық төлесін.


Яғни, шенеуніктер өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың кәсібін қалай да тіркейміз дейді. Сөйтіп, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғанша олардың бюджетке қанша салық төлейтіндерін анықтамақ. Қазір елімізде 3 миллионға жуық азаматтың не істеп жүргені, нанын қалай тауып отырғаны беймәлім.


Досаев жаңа заң жобасы жайлы Қаржы министрлігінің есеп беру жиынында айтыпты. Бұған қатысты Бақыт Сұлтановтың өзі не дейді?


Бүгін Қаржы министрі белсенді емес. Сұлтанов баяндама да жасаған жоқ. Есесіне, вице-премьер бірнеше мәлімдеме жасады. Ерболат Досаев мемлекеттік сатып алу төңірегіндегі жемқорлықты да сынады. Тендер - Үкімет үшін үлкен мәселе деді.


Ерболат Досаев, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: -Мемлекеттік сатып алу – Үкімет үшін күрделі мәселе. Қаржы министрлігімен бірге заңға өзгеріс енгізбекпіз. Биыл бұл жүйедегі кемшіліктерді толық шешуіміз тиіс. Бірақ, біздің халық талантты ғой, тағы бір амалын ойлап табады. Сонда да біз олардан бір қадам алда жүруіміз қажет.


Қаржы министрілгі түрлі тендер өткізіп жүрген жергілікті әкімдермен бірлесіп жұмыс істеудің жолын таппай отыр екен. Сондықтан, мемлекеттік сатып алу төңірегінде «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер тыйылмай тұр дейді Досаев. Үкімет былтыр бұл саланы толық электронды форматқа ауыстырған. Нәтижесінде 11 мың заңбұзушылықтың алдын алыпты.


Автор: Жәудір Оразхан


KTK арнасы




Көрілген: 1103    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.02.2018, 21:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31