Нарық

Елімізде пойыз билеті, көлік, ет бағасы қымбаттады

  • © kazaknews.kz.  © prizivaut.ru.  © YouTube

    © kazaknews.kz. © prizivaut.ru. © YouTube

2018 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасында инфляция 4,6%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Баға азық-түлік тауарларына осы жылғы он бір айда (2018ж. қараша 2017ж. желтоқсанға) – 3,8%, азық-түлік емес тауарларына – 5,9%, ақылы қызметтерге 4,2%-ға өсті.


2018 жылдың басынан (2018ж. қараша 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі қантқа – 21,2%, қырыққабатқа – 13,3%, мәйекті ірімшікке – 11,3%, консервіленген сүтке – 9,8%, қышқыл сүт өнімдеріне – 6,7%, жаңа сауылған сүтке – 6,6%, сары майға – 8,8%, күнбағыс майына – 6,6%, жұмыртқаға – 3,8%, жылқы етіне – 9,1%-ға, ет өнімдеріне, шұжық өнімдеріне – 6,6%-дан, шошқа етіне – 6,2%, сиыр етіне – 5,9%, қой етіне 5,6%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына 21,1%-ға тіркелді.


Баға өсімі автомобильдерге – 8%, құрылыс материалдарына – 7,2%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, киім және аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға – 6,8%-дан, тоқыма бұйымдарына – 6,4%, жеке қолданатын тауарларға – 5,9%, кеңсе тауарларына – 5,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 5,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 4,9%-ды құрады. Дизель отыны – 28,8%, тас көмір – 7,1%, баллондағы сұйытылған газ 6%-ға қымбаттады, ал бензин 2,8%-ға арзандады.


Баға деңгейі кабельдік телевизия қызметтеріне – 11,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 6,7%-ға, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 6%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 5,7%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 5,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 4,4%, санаторийлер қызметтеріне 3,6%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 18,7%, темір жол көлігімен – 9%, қалааралық автобус – 7,5%, ішкі қалалық автобуспен 4,9%-ға қымбаттады.


 


 


 BAQ.KZ




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.12.2018, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31