Нарық

Елордада Президенттің қатысуымен Астана экономикалық форумы басталды

  • Суреттерді түсірген Ерлан Омар,

    Суреттерді түсірген Ерлан Омар, "Егемен Қазақстан"

Форум барысында бүгінгі таңда әлемді алаңдатып отырған 11 тақырып төңірегінде сөз қозғалады.


Оның ішінде біртұтас эко­­но­­мика, жаңа таза энергия әлемі, жаһан­­­дық қауіпсіздік, болашаққа болжам, жаһандық стратегия, жаңа адамзат әлемі, цифрлы әлем, ресурстар әлемі, бола­шақ­тың ақшасы, болашақтың қаласы сынды тақырыптар бойынша спикерлер пікірлерін ортаға салады.


Форумға әлемнің түрлі елдерінен 500-ге жуық спикер қатысады. Олардың ішінде Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд, Apple Computer компаниясының тең негізін салушы Стив Возняк, БҰҰ-ның бұрынғы бас директоры Пан Ги Мун, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия жөніндегі бас экономисі Ганс Тиммер бар.



Форумның алғашқы екі күні күн тәртібіндегі жаһандық мәселелерге арналады, үшінші күні спикерлер ҚР Үкіметінің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен алты бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Айта кетейік, Астана экономикалық форумы ең алғаш 2008 жылы өткізілген. Алғашқы форумда дүниежүзілік экономика мен қаржы жүйесін оңалту және дамыту мәселері талқыланған. Содан бері форум ықпалды халықаралық алаңдардың біріне айналды.


egemen.kz


 




Көрілген: 425    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.05.2018, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31