Нарық

Ең арзан газ қай елде?

  • Ең арзан газ қай елде?

    Ең арзан газ қай елде?

Тауарлық газ әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды өнім. Тұрғындардың өмір сапасын жақсартатын көгілдір отынның қолжетімділігі мемлекеттің даму деңгейін айшықтайтын маңызды көрсеткіштердің бірі.

"MLS-Group" сараптамалық орталығының мамандары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (ТМД) тұтынушылар газ үшін қанша төлейтінін салыстырып көріпті. Соған сәйкес, Қазақстандағы газ бағасы ең арзандардың бірі екен. Газ өндірмейтін, импорттайтын елдерде оның бағасы әлдеқайда жоғары. Ең жоғары баға Арменияда, мұнда 1 текше метр газдың бағасы 106 теңге, одан кейін Молдова - 104 теңге, үшінші сатыда Украина - 82 теңге. Одан кейін көрші Қырғызстан Республикасы, мұнда 1 текше метр газ 69 теңге тұрады. Халқы газ үшін көп төлейтін елдер санатында Беларусь та бар, мұнда оның бағасы текше метріне 65 теңге.



Енді көгілдір отын арзан елдерге тоқталып өтейік. Ең төмен баға Өзбекстанда, ондағы баға текше метрі үшін 14 теңге.

Газдың арзандығы бойынша екінші орында Қазақстан келеді. Бізде ішкі нарықтағы тұтынушылар үшін орташа баға 24 теңге. Әр облыста өзіндік баға бекітілген. Егер оңтүстік өңірлерде бір текше метр 27-36 теңге аралығында болса, еліміздің батысында 8-10 теңге аралығында. Өзге өңірлерде 11-19 теңге. Бағаның осынша алуан-түрлі болуына алып аймақта газды тасымалдауға кететін шығындар себеп.

Бізден кейін Ресей Федерациясы орналасқан. Мұндағы көгілдір отын орта есеппен 36 теңгеге сатылады. Бір текше метрі 39 теңгеге бағаланған Әзірбайжан – газы арзан елдер қатарын түйіндейді.

Осы мәліметтерге қарап отырып, қазақстандық тұтынушы үшін өзге елдерге қарағанда газ арзанға түсетінін байқаймыз. Газдың арзан әрі бағасының айтарлықтай тұрақты болуына «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан жасалатын дотация себеп. Себебі компания газды өзіндік құнынан әлдеқайда төмен бағаға өткізеді.


Сарапшылардың мәліметтері бойынша ТМД елдерінің тұрғындары үшін 2018 жылдың сәуір айындағы табиғи газ бағасы

1. Өзбекстан - 14 теңге

2. Қазақстан - 24 теңге

3. Ресей - 36 теңге

4. Әзірбайжан - 39 теңге

5. Беларусь - 65 теңге

6. Қырғызстан - 69 теңге

7. Украина - 82 теңге

8. Молдова - 104 теңге

9. Армения - 106 теңге

*Бағалар ҚР Ұлттық банкі бекіткен ресми бағам бойынша теңгемен көрсетілген.




Көрілген: 859    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.04.2018, 13:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31