Нарық

Ең жоғары зейнетақыны алу үшін не істеу керек

  • © Informburo.kz

    © Informburo.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова ең жоғары зейнетақыны алуға қатысты кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оның айтуынша, 1998 жылдан кейін еңбек нарығына келгендер зейнетақыны жинақ жүйесі бойынша алады. Бұдан бөлек, базалық зейнетақы төленеді. Бірақ оның көрсеткіші жоғары болуы үшін жинақтау жүйесін қатысу мерзімі ескеріледі.


«Жастарға осыны ұғып алу қажет. Егер жалпы еңбек өтілі 33 жылдан асса, онда базалық зейнетақының көрсеткіші 100 процентті (ең төменгі күнкөріс деңгейінің - 28 284 теңге) құрайды. Ал зейнетақы жарналары тұрақты түрде төленіп, біраз ақша жиналса, бірыңғай зейнетақы қорынан қосымша ақша төленеді. Сондықтан ең көп жұмыс істеген адам ең жоғары зейнетақы алады», - деді С.Жақыпова Астанада өткен баспасөз мәслихатында.


Вице-министрдің сөзіне қарағанда, 1998 жылғы дейін есептелетін еңбек өтілі біртіндеп азаятындықтан, ынтымақты зейнетақы жүйесі қысқартылады. Осыған байланысты 2020 жылдан бастап жұмыс берушілер зейнетақы қорына қосымша 5 проценттік төлемдерді аудара бастайды.


Осылайша, бір адамның жарнасы 15 пайызға жетеді.


«Зейнеттік жасқа шыққанда жинақталған қаржының мөлшері 12 минималды зейнетақыдан төмен болса, онда ол қаражатты бірден алуға рұқсат беріледі. Одан кейін ешқандай төлемдер жасалмайды. Ал жинақтың көлемі жоғары болса, онда базалық зейнетақымен бірге ай сайын бірыңғай жинақтау қорынан да ақша түсіп тұрады», - деп атап көрсетті С.Жақыпова.


 




Көрілген: 1590    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.02.2018, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31