Нарық

Еңбекке ерте араласпаған жастар төменгі зейнетақыға қанағат етіп қалады

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Қазақстан жастарына еңбек етуге ерте кірісіп, зейнетақы жарнасын аударып отыруға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


"Неғұрлым көбірек еңбек еткен адам сәйкесінше, көбірек зейнетақы алады. Бұл қазіргі жастардың ұранына айналуы тиіс. Себебі, жастар қазірден бастап жұмыс істемесе, қазірден бастап зейнеттік жарна салмаса, жинақтық зейнетақы қоры жүйесіне қатыспаса, ертеңгі күні оларды қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Себебі, базалық зейнетақы деңгейінде де бұдан былай еңбек өтілі есепке алынады", - деді Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Вице-министрдің айтуынша, келесі жылдан бастап, елдегі орташа зейнетақы көлемі шамамен 71 мың теңгені құрайды. Ең төменгі зейнетақы 33 мың теңге болмақ.


"Ал ең көп зейнетақы туралы сұраққа жауап бермеуге тырысамын. Кейбір қарттар ең жоғары зейнетақы мөлшерін өз зейнетақысымен салыстырады және ең жоғары зейнетақыны талап етеді. Тағы қайталап өтейін, ұзағырақ жұмыс істеген адам еңбегіне сай, молырақ зейнетақыға ие болады", - дейді С.Жақыпова.


Министр орынбасары атап өткендей, елдегі ең төменгі және жоғары зейнетақы алатындар саны электроны үкімет сайтында ашық көрсетілген.


 




Көрілген: 1131    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.11.2017, 17:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31