Нарық

Енді банктер несие беріп, қызмет көрсеткені үшін комиссия алмайтын болады

  • © krasnoturinsk.info

    © krasnoturinsk.info

Еліміздегі банктерге несие беру және қызмет көрсетумен байланысты шот бойынша комиссияларды алуға тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.


Ол аталған заң жобасы Елбасының меншік құқығын қорғау туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгенін атап өтті.


«Банктік қарыз шарттары бойынша түзетулер енгізіледі. Несие беру және қызмет көрсетумен байланысты шот бойынша комиссияларды алуға тыйым салу ұсынылды. Осы мақсатта банктерге кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес банктік қарыз беру шарттары бойынша, сондай-ақ банктік шотқа қарыз есептеуге, банктік шотты жүргізгені үшін комиссия беруге және алуға шектеу қойылған. Себебі аталған операциялар - кредиттеу процесінің құрамдас бөлігі. Сондықтан олар бойынша жеке тұлғалардан комиссия алынбауы тиіс», - деді ол.


«Жеке тұлға болатын қарыз алушы берешегінің жасанды ұлғаюын болдырмау үшін олардың жылжымайтын мүлік ипотекалық шарттары бойынша алты айлық мерзімі өткізіліп алынғаннан кейін банктік пайыздарды есептелуін тоқтата тұру қарастырылады», - деді Марат Бекетаев Мәжілістің пленарлық отырысында.


Аталған заң жобасы Мәжіліс депутаттарының талқылауынан соң бірінші оқылымда мақұлданды.




 




Көрілген: 1598    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.02.2018, 14:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31