Нарық

"Ешқандай өсімді байқамадым": Шымкенттіктер 1 шілдеде өскен зейнетақылары мен жәрдемақыларын ала бастады

  • "Ешқандай өсімді байқамадым": Шымкенттіктер 1 шілдеде өскен зейнетақылары мен жәрдемақыларын ала бастады

Өскен зейнетақы. Бүгін шымкенттік зейнеткерлер 1-шілдеден бастап, қайта есептелген зейнетақыларын алып жатыр. Үлестіруші банк өкілдерінің айтуынша, төлемдер екі күн бұрын беріле бастаған. Бүгін банкомат карточкалары арқылы алатындарға аударылған. Зейнеткерлер қосылған үлес ақшаның мөлшері әлі де аз деп отыр деп жазады Otyrar.kz.


«Мен Семей полигонында әскери борышымды өтегенмін. Ешқандай өсімді байқамадым. Орталықтан себебін білемін», - дейді қала тұрғыны.

«Ақша кімге жеткен еді? Өзімнің есебім бойынша он мың теңге қосылуы тиіс еді, алайда жеті мың теңгеге зейнетақым өсіпті, оған да шүкір», дейді зейнеткер.


Естеріңізге сала кететйік, 1 шілдеден бастап елімізде зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 20 пайызға, әскери қызметшілердің жалақысы 25 пайызға өсті. Биылғы жылы бірінші кезеңде, яғни, 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 9 пайызға, базалық зейнетақы 7 пайызға артты. Ал екінші кезеңде, яғни, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 11 пайызға, базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға көбейеді. Нәтижесінде, шілдеден бастап ең төменгі зейнетақы — 45 711 теңгені, орташа зейнетақы — 66 676 теңгені құрайды. 2016 жылы ең төменгі зейнетақы көлемі — 37 789 теңге болған еді, сәйкесінше бүгінгі көрсеткіш 2016 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға көбірек. 




Көрілген: 875    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.07.2018, 14:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31