Нарық

Есімов атқарған елеулі істер көп

  • Есімов атқарған елеулі істер көп

    Есімов атқарған елеулі істер көп

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасы А.Есімов мырзаның көрмені абыроймен өткізудегі еңбегі зор. Бұған дәлел – халықаралық шараның жоғары деңгейде өтуі. Жақында «Время» газеті Есімовтың тек ЭКСПО-дағы дағдарысты еңсеріп қана қоймай, басқа да лауазымды қызметтерінде неше мәрте өзінің дағдарыстан шыға алатын сауатты басшы екенін дәлелдегені туралы жазған болатын. Біз Есімовтің елеулі деген негізгі істеріне тоқталуды жөн көріп отырмыз.


«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясына келгенге дейін Есімов еліміздегі талай дағдарысты жағдайларды көзімен көріп, қордаланған біраз мәселелерді шешумен айналысқан болатын. Сондықтан болса керек, ол ЭКСПО-ның ресми ашылуына небәрі 21 ай қалғанда іске белсене кірісіп, аз уақытта халықаралық шараға сақадай сай дайын болды.

ЭКСПО өтетін 3 айда көрмеге 2 миллион адам келеді деп жсопарланған болатын. Алайда көрмені 4 миллиондай адам тамашалады. Ал келушілердің павильондарға кіруі 5 миллиондық межеден әлдеқайда асып, 30 миллион көрсеткішке жетті. Сондай-ақ көрмеге 28 елдің мемлекет басшылары, 36 премьер-министр мен орынбасарлары, 11 парламент жетекшісі, 70 министр мен олардың орынбасарлары келді. Ал Қазақстан көрмеге жұмсалған шығынды 812 миллиард теңгеден 452 миллиардқа дейін қысқартты. Сондықтан бұған дейін көрмені сынағандар ұлттық шараны төмен деңгейде өтті деп айта алмайды.

Осы уақытқа дейін Есімовпен қоян-қолтық жұмыс істеген адамдардың барлығы дерлік Ахметжан Смағұлұлының дер кезінде шешім қабылдай алатын, көреген, сауатты басшы екенін айтады. Бір ғана мысал, Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған кезде Есімов үлескерлердің мәселесін назарынан тыс қалдырмады. Ол ақшасыз, үйсіз қалған үлескерлердің мәселесін шешудің жолын тапты. Нәтижесінде Алматыда 88 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Сол кезде әкімнің орынбасары болған Виктор Долженков әңгімелеп берді.

Сондай-ақ Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов Алатау ауданының құрылуына зор үлес қосты. Естеріңізде болса, 2006 жылдары Шаңырақ, Бақай шағын аудандарындағы жерлерді заңсыз иеленгендер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында қақтығыс болған еді. Сол уақыттағы заң талабына сәйкес жергілікті билік заңсыз жерлерге өздіктерімен үй салып алғандарды үйлерінен шығарып, үйлерін сүруге міндетті еді. Ал мәселенің тереңіне үңілгенде сол жерлердің көбін халық белгісіз алаяқтардан сатып алған. Олардың қолдарындағы бір жапырақ қағаздың ешқандай заңдық негізі болмады. Сонымен 20 мыңдай адам баспанасыз қалатын болды. Осы кезде Есімов Үкіметке жағдайды мәлімдеп, ұсыныс жасап, 3800 адамның үйі заңдастырылды.


Есімов өзі министр болған ауыл шаруашылығы саласына, еліміздің энергетика саласына, Еуропа елдерінде елшілік қызмет атқарған кезінде сырты саясатқа да елеулі еңбегін сіңірді. Алдағы уақытта ол ЭКСПО базасында тың жобаларды жүзеге асырумен айналыспақ.




Көрілген: 433    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 06.10.2017, 09:58

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30