Нарық

Фабрис Мийе: Қазақстан таңғаларлық нәтижеге қол жеткізеді

  • © Вaq.kz

    © Вaq.kz

АСИКУДА (Сауда және даму жөніндегі БҰҰ конференциясы) бағдарламасының жетекшісі Фабрис Мийе елімізде электронды декларация жасауды енгізу мәселелері бойынша Алматыға келіп, жаңа жүйенің енгізілу барысымен танысты, деп хабарлайды  аймақтағы тілшісі.


Фабрис Мийе Астана мен Алматы кеден рәсімдеу орталықтарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды көзімен көріп, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен кездесті. Кездесу барысында аталған бағдарламалық өнімді оңтайландыру үдерістері мен маңызды экономикалық міндеттер талқыланды.


«Әрине, кез келген жүйені енгізу – кезең-кезеңмен жүретін үдеріс. Сондықтан біз қазақ жерінде алғашқы қадам жасап жатырмыз. Қазақстанды жаңа жетістіктер күтіп отыр. Атап айтқанда, кеденнен кейін сыртқы сауда үшін «бір терезе» қолға алынбақ. Сауда жасауды жеңілдету тұрғысынан да, экономикалық басқаруды жақсарту тұрғысынан да, елдеріңіз таңқаларлық нәтижеге қол жеткізеді. Бұл – халықтың игілігі», – деді Фабрис Мийе.


Оның айтуынша, жаңа ақпараттық жүйе кедендік сауда үшін бизнес үдерістерге интеграция жасайды. Бұл – өте тиімді жүйе. Осыған дейін әлемнің көп елдерінде енгізіліпті. Қазақстанға жақын аймақты алып қарастырсақ, Грузияны баса атап өткен жөн. Бұл ел сауданы оңалту саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізген.



«Қазақстан, барлық жағынан алып қарағанда, аймақтық көшбасшы болып табылады. Біз қазір біздің бенефициарларымызбен қоян-қолтық жұмыс істеп жатырмыз. Осының негізінде Қазақстанда бар нәрсені өзге елдерге үлгі ретінде көрсетуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда, сауда қауымдастығы үшін тиімді орта жасауға ұмтылып келеміз», – дейді ол.


Грузиядан бөлек, бұл жүйеге көшкен елдердің арасында Балтық жағалауы елдері, Молдова, Түркіменстанда бар. Шетелдік қонақ Қазақстанда жүйенің ең жаңа, ең заманауи нұсқасы енгізіліп жатқанын баса айтты.


«Бүкіл сауда транзакцияларын бақылау үшін тиімді құрал болмақ. Барлық мәліметті бір мәліметтер базасына жинайды. Бұрын бұл жерде бөлек-бөлек мәліметтер базасы бар 6-7 жүйе болатын. Қазір бәрі орталықтандырылған. Мәліметтердің бәрі бірыңғай мәліметтер базасында сақталады. Мұның бәрі жемқорлықпен күресуге ықпал етеді», - дейді Фабрис Мийе.


Бағдарлама жетекшісінің сөзіне қарағанда, саудаға қатысушылардың сұраныстарын назарға ұстай отырып, бұл жүйе одан әрі жетілдіріле түспек. Бұған қашықтан электронды түрде декларация жасау да, жасыл дәлізді дамыту да кіреді.


 




 




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

жұма, 27.04.2018, 14:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31