Нарық

Хакерлер 10 мың қазақстандық есепшінің құпия мәліметін саудаға шығарды

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Хакерлер форумдарының бірінде 10 мың қазақстандық есепшінің құпия мәліметі саудаға салынды. Әдетте мұндай ақпарат орташа есеппен 3-5 мың долларға сатылады. Бұл туралы Кибершабуылдарды зерттеу және анализ жүргізу орталығының басшысы Олжас Сәтиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.


Ол лоттың анонсында шамамен 40 компанияның аты аталғанын айтып өтті. Аталған компаниялардың арасында ұжымдық желі «Қазгидромет», balans.kz және тағы басқалары бар.


«Сомасы көрсетілмеген. Бірақ, әдетте мұндай құпия мәліметтер 3-5 мың долларға сатылады. Есепшіде интернет-транзакцияларға, банкингтер мен қаржы құжаттарына рұқсат бар. Сол себепті, олар хакерлер үшін аса құнды болып отыр. Мұндай ақпараттарды қолға түсірген соң, компанияларды бопсалап, ақша аударумен айналысуға болады. Мысалы, есепші компанияға 2 млрд доллар жіберсе, хакер бұл ақшаны басқа банктегі шотқа бағыттап жіберуі мүмкін», - деп түсіндірді Сәтиев.


Орталық басшысы, мұнымен қатар, хакерлер тізіміне енген компанияларға аса сақ болып, қорғанысты күшейте түсуге кеңес берді. 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 16:31

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Наурыз, 17:07
Ең пайдалы бизнес

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30