Нарық

Интернет - экономика: фрилансерлер

  • Интернет -  экономика: фрилансерлер

    Интернет - экономика: фрилансерлер

Әлемде ақпараттық-коммуникацияның дамуы интернет-экономика (e-economy), электронды нарықтар, электронды бизнес сияқты жаңа ұғымдардың тууына алып келді. Олардың басты тиімділіктері: трансакциялық шығындардың азаюы, географиялық шекаралардың жойылуы. Жұмысшылардың жаңа категориясын электронды фрилансерлар, қашықтық жұмыстың биржасы пайда болды. Бұл сайтта фрилансерлер тапсырыс берушілерге өз қызметтерін ұсынуға мүмкіндік алды. Фрилансерлер – тәуелсіз мамандар. Қашықтықтан жұмыс биржасында сатушы мен сатып алушы арсындағы байланыс, көбінесе, тендер арқылы орнатылады. Тапсырып беруші сайтта қажетті жоба туралы ақпарат береді, егер де фрилансерлерге жоба ұнаса, орындай алатын болса пікір тастап кетеді, солай бірнеше фрилансерлер арасында бәсекелестік пайда болады.

Іскерлік қатынастар қашықтықта орнатылады, барлық жұмыс үдерісі Интернет арқылы орнатылғандықтан, тапсырыс берушілер мен фрилансерлер бір-бірін мүлдем көрмеуі мүмкін.

2008 жылы фрилансерлерге жаппай электронды сауалнама жүргізілген болатын. Бұндай ауқымды сауалнама әлемде алғаш жүргізілген болатын. Саулнама арнайы сайтта, 50-ден аса форумдарда, әлеуметтік желілерде жарияланды. Барлығы 15 мың респондент қатысты, сауалнама 2 апта бойы жүргізілді.

«Қазіргі кезде фрилансер болып табыласыз ба? Егер де фрилансер болсаңыз ол сіздің табысыңыздың бір ғана көзі ме?» сияқты кілт сұрақтар қою арқылы бірден респонденттерді үш топқа іріктеп алды: фрилансерлер\ потенциалды фрилансерлер\ бұрыннан фрилансер болғандар.

Фрилансерлердің 79%-ы 30 жастан жоғары емес, ал 59 пайызы 18-26 жас аралығында,тек 3%-ы 45-жастан жоғары. Фрилансер ретінде жұмыс істеген адамдардың орта жұмыс тәжірибесі-3 жыл. Фрилансерлердің 80%-ның жоғары білімі бар.

Фрилансерлер мынадай салаларда қызмет көрсетеді: веб-сайттар жасау; бағдарламалау; дизайн және графика; фото түсірілімдердің түрлері; аудио, видео-түсірілім, монтаж; жарнамалық текстер жазу, аударма, копирайтинг; жарнама, маркетинг, консалтинг; инжиниринг, архитектор, дизайнер.

Фрилансерлердің тапсырыс алу көздерінің екі түрі болады: біріншісі, нарықтық каналдар: қашықтықтан жұмыс биржасы; жеке сайт; форумдар, блогтар, әлеуметтік желілер. Екіншісі, әлеуметтік каналдар: тұрақты тұтынушылар; тұтынушылардың кеңесі; достары мен таныстардың кеңесі. Фрилансердің жұмысында әлеуметтік байланыстар өте маңызды. Бастапқы кезде фрилансер ретінде нарыққа енді кіргендіктен, достарының, алдыңғы жұмыстағы әріптестерінің байланыстары өте маңызды. Неліктен нарықтық стратегия мен байланыстық стратегия арасында бастапқы кезең мен соңғы кезеңде айырмашылық айтарлықтай үлкен?

Жұмыс барысында фрилансерлер құқық бұзушылықпен де кездеседі. Фрилансерлер жұмыс барысында ақшаны төлемеу, келісілген күннен кеш төлеу, тапсырыс берушінің жоғалып кетуі, жұмыс аяқталуға жақын қалғанда келісімшартты бұзу сияқты құқық бұзушылықтарға тап болған. Олардың көбі нарықтық стратегиямен тұтынушылар тапқандар. Ал байланыс арқылы тапсырыс алған фрилансерлердің көбі достық қарым-қатынас болғандықтан тек кеш төлем жасау, жұмыс жобасын өзгерту, күнін созу сияқты мәселелермен жолыққан. Фрилансерлерге әлеуметтік байланыс өте қажет екенін аңғаруға болады. Нарыққа жүйелік стратегия арқылы еңсе де, әлеуметтік байланыстар арқылы жалғастырған жағдайда ғана фрилансер өз қызметін толығымен атқара алады екен.


Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова, 

Әйгерім Ермұханбетова,

Нархоз университеті




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.04.2018, 15:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31