Нарық

Ипотеканы қалай арзандатуға болады? Құлыбаев премьер-министрге ұсыныс жасады

  • © dialog-rielt.com

    © dialog-rielt.com

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа мемлекеттік ипотекалық несиелендіру мәселесін екінші деңгейлі банктерге тапсыруды ұсынды, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы ол "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңейтілген отырысында айтты.


"Бақытжан Әбдірұлы (премьер-министр Бақытжан Сағынтаев - автор), біз өткен аптада Шығыс Қазақстан облысында болып қайттық. Даниал Кенжетайұлы (ШҚО әкімі Даниал Ахметов - автор) бізге "Тұрғын үйді қаржыландырудың не қажеті бар? Бұл мәселені екінші деңгейлі банктерге жолдамайсыңдар ма? Бұл екінші деңгейлі банктер айналысатын ең оңай тапсырма ғой. Біз халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсеткіміз келеді, онда соларға арзанырақ ипотека берейік" деп ұсыныс жасаған", - деді Тимур Құлыбаев үкімет басшысына.


"Бізде тұрғын үйлерді дамыту мәселесімен кімдер айналысады? "Самұрық-Қазына" ма? Олардың міндеті үй салу ма? Әлде ол "Бәйтерек" қорының міндеті ме?", - деп сұрады Құлыбаев.


Оның айтуынша, осындай жағдайлар жекеменшік бизнестің дамуына кедергі келтіріп жатады.


Cондай-ақ, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы түрлі тұрғын үй қорларына жұмсалып жатқан ақшаны ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін азайту мақсатында оларды қаражаттандыруға жұмсаған жөн екенін айтты.


"Біз қаржыгер ассоциациясының атынан адамдарды шақыруға дайынбыз. Базалық институттағыларды алайық. Ұлттық экономика министрлігі. Мұнда сарапшылар да отыр, біз сіздерге көмектесеміз", - деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев Сағынтаевқа.

 




Көрілген: 617    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.11.2017, 18:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31