Жаңа жыл: Аяз атаны шақыру қанша тұрады?

Жаңа жыл: Аяз атаны шақыру қанша тұрады?

 Астанада Аяз ата мен Ақшақар өте “құнды”. Өйткені, үйге шақыру бағасы – 25 мыңнан, ал мерекелік кешке шақыру 18 мыңнан басталады. Бұл тек 30 минутқа ғана есептелетін шығын. Егер одан ұзақ болуын қаласаңыз, тағы да үстіне ақша қосасыз.
Астанадағы аниматорлық орталықтардың ең төменгі бағасы – 17 мыңнан басталады. Бұл тек Аяз ата мен Ақшақардың құттықтауы үшін ғана төленетін шығын. Егер шоу-бағдарлама, басқа да кейіпкерлерді шақырғыңыз келсе, бұдан да қымбатқа түсері анық.

Алматыдан хабарландыру бойынша Аяз ата мен Ақшақар іздеп көрдік. Нақты орташа баға – 15 мың мен 30 мың аралығында екен. Мәселен, “Шоу-Центр” орталығы 30 минут үшін 22 мың теңге алады екен. Орталық басшысы Оксана Олегтің айтуынша, 2000-нан астам шараға қатысқан аниматорлар орталығына шақырту жиі түседі.
“Үйге де, мерекелік шараға да бара береміз. Мерекелік шарадағы талабымыз – 15 баладан көп болмау керек. Егер одан көп болған жағдайда бағасын да көтереміз”, – дейді ол.
Атырау қаласындағы мерекелік шараға Аяз атаны шақыру ақысы 10 мың теңгеден басталады екен. Ал үйге шақыру 20-45 мың аралығында болады. 3 жылдан бері осы кәсіппен айналысып келе жатқан “Алақай” театрының мүшесі Айдана Ақсисенованың айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында тапсырыс өте көп түседі. Әрі бағасына да жергілікті халық аса бір назар аудармайды екен.
“Атырау қаласындағы “Алақай” театры 3 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бастапқыда тегін қойылым қойдық. Театрдың мақсаты – кішкентай балаларды бұрын ұмтылып қалған ертегілеріміз бен жырларымызды қазіргі мультфильм кейіпкерлері арқылы қазақша қызықты етіп көрсету. Театрымыз студент жастардан құрылған. Мұнда студенттер бос уақытын тиімді өткізумен қатар, керекті қаражатты да таба алады. Театрымыз дамып келе жатыр. Көптеген конкурстарға қатысып келдік. Жаңа жылда өте көп тапсырыс түседі. Аяз ата мен Ақшақар ретінде шақырғандарға құнымыз – 15-20 мың теңге. Үйге де, мерекелік шараға да осы бағамен барамыз. Бағдарламамызда түрлі шоулар мен ертегілер, ойындар және билер бар. Кемі 45 минуттан 1 сағатқа дейін созылады”, – дейді театрдың мүшесі Айдана Ақсисенова.
Қазақстандағы әр аймақ бойынша Аяз ата мен Ақшақарды шақыру құнына орташа талдау жасадық.

7kun.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста