Нарық

Жаңа Салық кодексінде бизнеске бірқатар жеңілдік бар

  • Жаңа Салық кодексінде бизнеске бірқатар жеңілдік бар

    Жаңа Салық кодексінде бизнеске бірқатар жеңілдік бар

Жаңа салық кодексі бұрынғыдан құрылымдық және идеологиялық жағынан ерекшеленіп, бұрынғыдан жеңілірек болады, дейді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов.


Оның айтуынша, құжатта көлеңкелі экономика, жүйеленген жеңілдіктер шаралары қарастырылып, жер қойнауын игерушілерге ынталандыру ұсынылады. Сонымен қатар ШОБ пен агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шарттары жеңілдетіледі.


“Салық кодексін оңтайландырудың жолы дайындалды. Мұндағы идеология бойынша адал кәсіпкерлерді қорғау басшылыққа алынады. Біріншіден, барлық түсініксіз және анық емес жерлер салық төлеушіге түсіндіріледі. Бұл салықтық даулардың алдын алады”, – дейді вице-министр.


Оның айтуынша, екіншіден, егер салық төлеуші салық органының түсіндіруі бойынша жұмыс істеген болса, пения мен айыппұл салынбау ұсынылған.


Үшіншіден, енді салық органдарының тексерілуі негізді болуы керек.


Төртіншіден, бизнестің жаңа заңды үйренуіне жеткілікті уақыт беріледі. Түзетулер 1 шілдеге дейін қабылдану ұсынылуда.


Бесіншіден, құжатты бір жыл бойы қаптаған түзетулерден босату ұсынылуда. Осылайша, бір заң тұрақты орнауына уақыт берілмек.


naryk.kz




Көрілген: 300    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 18.05.2017, 19:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 16:48
    Доллар бағамы
    19 Мамыр, 16:42
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31