Нарық

Жаппай декларациялау: Қазақстандықтар үшін бірыңғай қағидалар бекітілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысаны және оны жасау қағидалары бекітілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап хабарлайды.


Атап айтқанда, ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығы жарияланып, құжат ҚР Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 17163 болып тіркелді.


«Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс», - деп атап өтілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде.


«Осы Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларациясының жасалу тәртібін айқындайды», - делінген құжатта.


Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қазақстандықтар жеке мүлкі мен кірісі туралы жылына бір рет есеп беруге міндеттеледі.


«Декларацияда үйде сақтаулы тұрған қолма-қол қаражатты да көрсету керек. Егер қолма-қол ақша көлемі ең төменгі жалақы көлемінің 500 есесінен асып кетсе (Еңбекақының ең төменгі мөлшері - 28 284 теңге), банкте есепшот ашып, қаражатты сонда сақтауыңыз керек. Сосын банкте осындай қаражатыңыз бар екенін көрсетесіз», - деп түсіндірді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев.


Кәмелеттік жасқа толмаған, бірақ тіркеуде тұрған мүлкі бар тұлғалар үшін декларацияны ата-анасы немесе қамқоршысы жеке сәйкестік нөмір арқылы толтырады.


Алдын ала болжам бойынша, 2020 жылы Қазақстанда шамамен 12 млн 900 мың адам декларация толтыратын болады. Оның ішінде 7,4 млн адам - қала тұрғындары және 5,5 адам - ауыл тұрғындары болады деп күтілуде.


 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.07.2018, 14:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31