Нарық

"Жас Отау" қоры жастарды арзан баспанамен қамтамасыз етпек

  • CC0

    CC0

"Жас Отау" республикалық қоғамдық қоры "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру аясында инвесторлар мен жеке құрылысшыларды тартып, баспанасыз жүрген жас отбасыларға коттедж немесе таунхаус түрінде 2 қабатты үйлер салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Жас Отау" республикалық қоры жеке тұрғын үй құрылысына берілетін 10 сотық жерге екі-үш қабатты үй салып, бірнеше отбасының баспана мәселесін шешуді көздеп отыр. Аталған бастаманы "Нұр Отан" партиясы, кей облыс әкімдері қолдап отыр. Үкіметке де хат жолданыпты.


"Бізде баспанамен қамтуға арналған бағдарлама жеткілікті, бірақ нақ осы жастардың үйсіздік мәселесін шешетін бағдарлама жоқ. Бүгінде жастардың дені қалаға ағылып жатыр. Өйткені перспектива қалада. Бірақ олардың көбінде баспана жоқ. Коммерциялық компаниялар жерді аукцион арқылы сатып алады, үйге қажетті материалдары қымбат, оның үстіне төлейтін салығы, алатын кірісі бар дегендей. Мұндай компания тұрғызған баспананың құнын жастардың қалтасы көтермейді. Сондықтан біз жеке инвестиция тартып, 10 сотық жерге бір ғана жер үй емес, екі-үш қабатты коттедж немесе таунхаус салып, бірнеше отбасыны баспаналы етсек деп отырмыз. Игі бастаманы "Нұр Отан" да қолдап отыр. Үкіметке, облыс әкімдеріне хат жаздық. Әзірге ешкім бетімізді қайтарған жоқ", — дейді қор басшысының орынбасары Асхат Базарханұлы Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қордың мақсаты – коммерциялық баға белгілеуге жол бермеу.


"Қолжетімді баспана үшін мемлекет 10 сотық жерді тегін бөлуі керек. Кейін біз жеке құрылысшыларды, меценат, демеушілерді тартып, сол 10 сотық жерге жастар үшін шағы үй тұрғызамыз. Біз мұнда коммерциялық баға белгілеуге жол бергіміз келмейді. Құрылыс компанияларының баспанаға жұмсайтын шығыны өте көп, сондықтан олар үйдің бір шаршы метрін 140-150 мың теңгеден төмен бағаға сата алмайды. Екіншіден, біз баспана құрылысында заманауи үнемді технологияларды қолданамыз. Мәселен, панельді-каркас технологиялары, жапон, фин технологиялары бүгінде қолжетімді", — деді ол.


Қазір "Жас Отау" қоры облыс әкімдерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.


"Барлық облыс әкіміне қала маңынан, қала ішінен 10 сотық жер бөлу туралы жаздық. Жеке инвестиция тарту арқылы жастарға қолжетімді баспана салуды жоспарлап отырғанымызды жеткіздік. Өңір әкімдерінен алғаш болып Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қолдау көрсетті. "Келіңдер, толығымен қолдаймыз, жер телімін бөлуге дайынбыз" деді. Кейін Ноғаев мырза Атырау облысына шақырды. Петропавлға бардық, әкім қолдап отыр. Астана әкіміне хат жаздық, бірақ әлі жауап алған жоқпыз. Қабылдауында болып, сөйлескіміз келеді. Алматыдан да әзірге жауап келген жоқ", — деді Базарханұлы.


Қор басшысының орынбасары баспана үлескерлердің ақшасына салынатынын, кейін пәтерлер кооператив мүшелерінің арасында бөлінетінін атап өтті.


"Біз бүгін коммерциялық емес баспана туралы сөз қозғап отырмыз. Яғни "Жас Отаумен" бірлесіп айлық табысы 100 мың теңгеден аспайтын жас отбасылар үшін үй салу мәселесін көтеріп отырмыз. Қазақстан коммунистік халық партиясы жастар үшін арзан үй салу керек деп есептейді. Ондай үйдің шаршы метрі 50-60 мың теңгеден аспауы керек, мұның өзі де бірақ қымбат. Біз облыстар мен қала әкімдігінен 10 сотық жер телімін бөлуді сұраймыз. Қазір қалай, әкімдіктер бір үй салу үшін 10 сотық жер бөледі. Ал біз мынадай схема ұсынып отырмыз: мәселен 10 сотықтан 5 учаскені алайық, яғни 50 сотық жер. Онда бес үй емес, таунхаус салсақ, бес үй иесі емес, 20 пәтер иесі болады. Сонда жастарымыз мұндай пәтерлерді 2-3 миллионға сатып ала алады. Идеяның мәні осы. Біз мемлекеттен ақша сұрап отырған жоқпыз, оны өзіміз табамыз. Бізге тек жер берсе болды", — дейді ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Марат Әубәкіров.


 




Көрілген: 861    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.02.2018, 21:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31