Нарық

«Жеке мүлікті сатудан түскен қаражатты зейнетақы қорына аудармайды»: вице-министр даулы заңға қатысты түсініктеме берді

  • «Жеке мүлікті сатудан түскен қаражатты зейнетақы қорына аудармайды»: вице-министр даулы заңға қатысты түсініктеме берді

    «Жеке мүлікті сатудан түскен қаражатты зейнетақы қорына аудармайды»: вице-министр даулы заңға қатысты түсініктеме берді

Барлық зейнетақы аударымдары азаматтардың еңбек табысынан ұсталады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.


"Мәселен, кәсіпорын жұмысшысының еңбек кірісі - оның жалақысы, жеке кәсіпкердің кірісі - кәсіпкерліктен түскен табысы, жеке нотариустың кірісі - көрсетілген қызметтен түскен ақысы. Ал, келісімшарт негізінде белгілі бір қызмет түрін немесе жұмысты істейтін заңды немесе жеке тұлғалар сол атқарған жұмысынан түскен қаражаттан зейнетақы қорына ақша аударады (жеке мүлкін сатқан қаражаттан емес)", - деді вице-министр.


ҚР Зейнетақымен қамту туралы заңының 25-бабында біріңғай зейнетақы қорына аударылатын қаражат айлық табыстың 10 пайызын құрауы тиіс деп көрсетілген. Ал, биыл 14 шілде күні аталған заңға енгізілген түзетуге сәйкес, келісімшарт негізінде табыс табатын жеке тұлғалар, сонымен қатар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер біріңғай зейнетақы қорына міндетті зейнетақы төлемдерін аударулары қажет.


Еске салайық, бұған дейін отандық БАҚ беттерінде жеке мүлікті (баспана мен көлік) сатудан түсетін қаражаттың 10 пайызын да зейнетақы қорына аудару қажет деген ақпарат тараған болатын. 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.07.2018, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31