Жеңіл өнеркәсіп саласына жаңашылдық қажет

Жеңіл өнеркәсіп саласына жаңашылдық қажет

Бүгінгідей ішкі нарық Қытай, Түркия, Белорусия, Украина, мен Ресейден келетін киім-кешекке толып тұрған тұста әрбір саналы адамды, әсіресе дизайнерлерді «неге біз өз елімізде тігілген киімді кимейміз?» деген сауал алаңдатуы тиіс.

Тіпті бұл мәселені соңғы жылдары Елбасымыз ірі-ірі жиындарда жиі көтеріп жүр. «Барлығын шетелден алып келеді. Сәнгер мен сәнқойлар «шанел-манель» кию керек дейді, бірақ қарапайым халық ше... Біз өз киімдерімізді өзіміз танытуымыз керек. Осы жерде отырғандардың бәрі сол киімдерді киюі қажет. Сонда ғана отандық жеңіл өнерәсіпті дамыта аламыз», - деген Президент министрлерге қазақстандық костюмдерді киюді бір емес, бірнеше мәрте тапсырғаны есімізде.

Еуропа, 3D-көйлек, балауыз микрокапсула...
Киімге де сұраныс қашанда сәнмен қатар өрбіп отырады. Ал сән – өнердің ажырамас бір бөлігі. Бейнелеу өнері мен сән өнерінің бірігуі турасындағы идея өткен ғасырдың басынан бастап кең таралды. Ал бүгінде ол дуетке заманауи технологиялар да қосылды. Сондықтан соңғы жылдары тоқыма бұйымдарын модельдеуде және технологияның көптеген салаларында көшбасшы позицияға ие Еуропа елдерінде техникалық тоқыма бұйымдарына деген көзқарас мүлдем басқа арнаға бет бұрды. Онсызда бізден әлдеқайда көш ілгері олар ендігіде тіпті аса жоғарғы талғамды қанағаттандыру үшін инновацияға ерік беруде. Мәселен, бүгінде 3D-баспасы деген тіркес ешкімді таңқалдырмайды. Ал егер интернетке шығатын әрі гироскопы бар кроссовка немесе жарықдиодты көйлек, субүркігіш-киім, сымдар немесе балауыз микрокапсула жүргізілген мата десек ше? Бұл ешқандай да қияли романның оқиғасы емес, кәдімгі шын өмірде бар нәрселер. Түсініктірек болу үшін, кейбіріне тоқталсақ,
2013 жылдың наурыз айында әлемдік сән өнерінің көрнекті өкілі Дита фон Тиз кезекті шаралардың біріне түгелдей дерлік 3D-принтерде басылған көйлек киіп келді. Бұл киімнің авторлары белгілі сәнгерлер Майкл Шмидт пен Фрэнсис Битонти болатын. Олар мұндай көйлекті шығару үшін көп еңбектенді, атап айтқанда, алдымен нейлоннан 17 бөлшек басып шығарып, оларды Swarovski-дің 13 мың кристалымен әшекейледі. Содан соң оларды қолмен біріктірді. Сән әлеміне үлкен жаңалық әкелген бұл 3D-көйлекті ең алғаш Голланд дизайнері Ирис ван Харпен haute couture деп аталатын өз коллекциясымен бірге ұсынды. Ал бұл нағыз сол қол еңбегі, қымбат маталар, сапалы тігістер мен өрнектер бірінші кезекте бағаланатын биік сән өнері ғой!
Инновациялық киімнің міндеттерінің бірі – өмір сүруді жеңілдету, дәлірек айтсақ, қолайсыз ауа райын адамдарға барынша жайлы ету. Балауыз капсуласынан жасалған материал дәл осы мақсатта ойлап табылған. Ол қалай жүзеге асады дейсіз ғой? Балауыз «микрошарларын» мата талшықтарына ендіру арқылы, мысалы, нейлонға. Жылы температурада балауыз ериді де, сұйықтыққа айналады. Ал күн суыған сәтте ол қатып қалады да, өзінен жылу бөледі. Әйтсе де жоба әлі жетілдіруді қажет етеді, себебі біріншіден, бүгінде бұл киімнің бағасы өте қымбат, екіншіден, сұйықтан қатты, қаттыдан сұйық күйге өту өте баяу жүруде.
Сондай-ақ Австралияның Arctic Hit компаниясы салқындатқшы гел толтырылған арнайы жилет ойлап тапты. Күн қатты ыстықта көшеге шығар алдында киімді біраз тоңазытқышта ұстау керек. Жаурап қалам деп қорықпаңыз, себебі денеге өтетін суық мөлшері қатаң дозаланған.
Міне, Еуропа, жалпы дамыған елдердің сән өнері, тігін, тоқыма өнері қайда бет алды?!. Енді олар біртіндеп жасанды интелектпен жұмыс жасайтын тігін құрылғылары, үш деңгейлі боди-сканер мен 3D модельдеу жүйелеріне көшпек. Және де технологиялық өрлеу, тоқыма мен тігін саласындағы инновациялар тек ерекше мақсаттағы, яғни, әскери, спорттық немесе ғарышкерлерге арнаған киімге ғана қолданылмайды. Жаппай қолданысқа енгізу жағын ойластыруда. Бұл жерден не ұғуға болады? Яғни, дамыған елдер жеңіл өнеркәсіпке жеңіл қарай салмай, үлкен бір ғылыми зерттеу тұрғысынан қарап жатыр. Адамзатты алда келе жатқан инновация дәуіріне даярлап жатыр деуге де болады.

Жеңіл өнеркәсіп саласына жаңашылдық қажет
Бізде де қазір қоғамда қай салада болмасын дамуға барынша жол ашыған. Соның ішінде осы жеңіл өнеркәсіп те бар. Атап айтқанда, біріншіден, кәсіптік білім беруге ден қойылып жатыр. Екіншіден, нарықтық экономикамен алға басқан қоғамымызда әмбебап тігінші, пішуші, сәнгер мамандықтары жоғары сұранысқа ие. Ал, елімізде шағын кәсіпкерлікке жол беріліп, отандық өнімдерді өндіру мәселесі күн тәртібіне қойылып отырған кезеңде аталған кәсіптер бойынша білім беру соған сай қарқынды жүргізілуі керек. Себебі жаңа жұмыс орындарының ашылуы, ел аумағында тұрғындарға көрсетілетін тұрмыстық қызметті жолға қою міндеттері білікті мамандарды қажет етеді. Және қазіргі жеңіл өнеркәсіп те тұтынушылар тарапынан жаппай сұранымдағы әрі сапасы жоғары тауарларды шығарғысы келеді. Ал бұл – тек киімдерді құрастыру мен үлгілеу процестерін жетілдіру арқылы ғана жүзеге асатын шаруа. Ол үшін орта кәсіптік оқу орындарында киім құрастыру пәндерінің мазмұнын түрлендіру қажет, сонда болашақ өнім сапалы болып, тұтынушы көңілін қанағаттандырады.
Сондай-ақ бүгінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласында, Жолдауларында да «Цифрлы Қазақстан» құру міндеті алға қойылды. Ендеше, жеңіл өнеркәсіп саласы кәсіпорындарына да сандық жоспарлау технологиясының заманауи үлгідегі автоматтандырылған жүйелерін ендіру керек. Инвестициялар және даму министірлігі өкілдерінің айтуынша, иновациялар еңбек өнімділігін арттырып, өндіріс шығынын айтарлықтай азайту сынды үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Мамандардың айтуынша, ендірілетін жаңашылдықтар баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін еселей түседі. Осы тұста қажетті шаралар қолға алынған сияқты. Оған Технология және бизнес қазақ университетінің профессоры Бэла Өмірәлиеваның мына сөзі дәлел бола алады:
- Дизайн және технология институтын құрудағы басты мақсат – тігін саласындағы сұранысқа ие болады деген өнімдерді ғылыми тұрғыда зерттеп, жаңа үлгілердің жобаларын жасау. Кейін осының негізіндегі жетістіктермен тігіншілікпен айналысатын бизнес өкілдерімен бөлісетін боламыз. Өнімді әзірлеп пішуден бастап, тұтынушыға сатуға дейін қолдау көрсететін боламыз. Институт жанынан әлемдік озық үлгіде құрылғылармен жабдықталатын материалтану зертханасын құру да жоспарда бар. Сондай-ақ орталықтың қабырғасында ғылыми-техникалық кітапхана ашылмақ. Оның жұмысына халықаралық деңгейдегі тәжірибелі шетел мамандарын жұмылдырылатын болады.
Ал, бұл өз кезегінде еліміздегі тігін фабрикаларының өнім аталымдарының артуымен қатар сапасын жақсартады. Бүгінде де, келешекте де отандық киімдер нарықта өзінің лайықты орнын алып, шетелден келетін тауарлармен бәсекеге төтеп беруі тиіс. Біртіндеп инновацияға ден қойып, біз де әлемдік сән үрдістері көшінен қалып қоймауымыз керек.
Айсұлу Жүсіпова,

 

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста