Нарық

Жеңілдетілген автонесиені қалай алуға болады?

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы Ұлттық қордың 8 миллиард теңге сомасындағы қосымша қаражаты есебінен кеңейеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақстан даму банкі" АҚ сайтына сілтеме жасап.


Сайттағы мәлімет бойынша, "Қазақстан даму банкі" АҚ Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының шеңберінде Ұлттық қор қаражатының 8 миллиард теңге сомасындағы үшінші траншын екінші деңгейдегі бес банкке (ЕДБ): Halyk Bank, Евразиялық банкке, "Ресей жинақ банкінің" Қазақстандағы еншілес банкіне және "ЦентрКредит" банкіне 1 миллиард 875 миллион теңгеден, ВТБ еншілес банкіне (Қазақстан) - 500 миллион тенге жіберген.



Сонымен қатар, ҚР азаматтары-жеке тұлғаларына Қазақстанда шығарылатын жеңіл автокөлікті сатып алуға кредит берудің қазіргі шарттары былай деп көрсетілген: сыйақының номиналдық мөлшерлемесі - жылдық 4 пайыздан аспайды, кредит беру мерзімі - 7 жылдан аспайды, қарыз валютасы - теңге, жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны - 15 миллион теңгеден аспайды. Ал бастапқы жарнаның мөлшерін коммерциялық банктер дербес белгілейді. Қарыз алушыларға бағдарлама шеңберінде автокөліктердің Kia, Chevrolet, Skoda, Hyundai және тағы басқа сияқты брендтерінің 60 моделі ұсынылған, оларды құрастыру "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС және "АЗИЯ АВТО" АҚ кәсіпорындарында жүзеге асырылады.



Айта кетейік, Қазақстанда 2015 жылғы сәуірде бастау алған, жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 20 жылға есептелген. Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде бөлінетін Ұлттық қордың қаражаты Бағдарламаны қаржыландыру көзі болып табылады. Бұған дейін Бағдарламаны іске асыруға Ұлттық қордың жалпы сомасы 26 миллиард теңге екі траншы жіберілген болатын, оларды Бағдарламаға қатысушы ЕДБ толығымен игерді. Жеңілдікпен автокредит беру қаражатының есебінен 10 000-нан аса қазақстандықтар отандық өндірістің жаңа автокөліктерін сатып алды. Берілген қарыздардың жалпы сомасы қайталап игерілген қаражатты есептегенде, бүгінгі таңда 39 миллиард теңгеден асады. Қарыз алушыларға кредит беру револьверлік сипатты иеленеді, яғни жұмыс істеп тұрған кредиттерді өтеуден түсетін төлемдер жаңадан автокредит беруге жұмсалады.

 




Көрілген: 1541    Пікірлер: 2

сәрсенбі, 07.02.2018, 13:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31