Нарық

Жеңілдетілген несие беру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 24 млрд теңге бөлінеді

  • ©Today.kz

    ©Today.kz

2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында жеңілдетілген несие беру үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 24 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Аталған қаражат басым бағытты республикалық инвестициялар тізіміне енді және осы жылғы бюджет аясында қарастырылып отыр. Бұл туралы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің отырысы барысында айтылды. Жиналыс Астанада «Бәйтерек» холдингінің басшысы Айдар Әріпхановтың төрағалық етуімен өтті.


«Нұрлы жер» бағдарламасы бюджеттік несие түрінде жыл сайын банкке 24 млрд теңге көлеміндегі қаржы бөлуді қарастырады. Бұл ақшаға банк салымшылары 5% көлеміндегі жеңілдетілген мөлшерлемемен алдын-ала және аралық займдар ала алады. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шотында 30% көлемінде ең төменгі алғашқы жарна жинау қажет.


2017 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекет бөлген 30 млрд теңгені игергенін еске сала кетейік. Бұл қаржыға 3 488 қазақстандық отбасы «Нұрлы жер» аясында төмен бағамен үй сатып алды.


Жиналыс барысында банк 2017 жылдың төртінші тоқсанының нәтижесі бойынша Ішкі аудит департаментінің қызметі туралы есеп беріп, Директорлар кеңесіне ұсынылатын есептілік тізімін бекітті.


Сондай-ақ, 2017 жылдың төртінші тоқсаны бойынша Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі Комитеттерінің жұмысы туралы есеп қарастырылып, бекітілді. Мәліметтерге сәйкес, Директорлар кеңесі төртінші тоқсанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметіне қатысты 80 мәселені қарастырған. 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.01.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30