Нарық

Он жылға сотталған ұлттық компания төрағасының орынбасары жазадан айыппұл төлеп құтылатын болды

  • Он жылға сотталған ұлттық компания төрағасының орынбасары жазадан айыппұл төлеп құтылатын болды

    Он жылға сотталған ұлттық компания төрағасының орынбасары жазадан айыппұл төлеп құтылатын болды

"Қазақстан Инжиниринг" төрағасының орынбасары Қанат Сұлтанбековке тағайындалған жаза өзгертілді. Осыған дейін он жылға бас бостандығынан айырылған ол жазаны 2 миллиард теңге төлеп өтейтін болады деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.



Два млрд вместо 10 лет: Экс-зампреда

Қанат Сұлтанбеков. Коллаж



Сотталғандардың аппеляциялық шағымы 2 ақпан күні қаралған.


Сот алқасы сотталған Қанат Сұлтанбеков, Гиля Смоленски, Мбэрэкрэхим Габдул-Кабиров пен Мұхтара Қарабековтерге қатысты 2017 жылғы 29 қараша айындағы мамандандырылған ауданаралық әскери сотының шешімін өзгертті.


Жекелей алғанда, Қанат Сұлтанбеков пен Гиль Смоленскилерге қатысты шығарылған қамауға алыну туралы шешім тоқтатылып, оның орнына ақшалай сыйақы түріндегі айыппұл тағайындалған.


Мәселен, Сұлтанбеков 2 млрд 139 млн 500 мың көлеміндегі айыппұл төлеуге тиіс болған.


Іске қатысы бар Израиль азаматы Гиль Смолински де 500 млн-нан астам айыппұл төлеп, өз айыбын жууға мүмкінді алған.


Есімі аталған екеуін жуық арада қамаудан босатпақ.


Мбэрэкхим Габдул-Кабировтың жазасын да жеңілдеткен.


Еске салсақ, Қанат Сұлтанбеков өткен жылдың ақпан айында жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ұсталған еді.


Бұл қылмысы үшін оны 10 жылға қатаң режимдегі жаза тағайындалған. Ол өзі кінәсін мойындап, тіпті ақшаның 10 млн теңге және 300 мың доллар көлеміндегі бір бөлігін қайтарып берген болатын.


Сұлтанбеков 2015 жылдың сәуір айынан бастап "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.


Әр түрлі жылдары Алматы және Астана әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған.






Көрілген: 659    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.02.2018, 20:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30