Нарық

Жылжылмайтын мүлікті тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына беріледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жылжылмайтын мүліктерді тіркеу қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


«Құрылыс саласында құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптамасы құрамында жобалардың экологиялық сараптамасы бөлігінде «бір терезе» ұстанымы жетілдірілетін болады. Құрылыс нысандарына бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тәртібі бекітіледі», - деді министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасын таныстыру барысында.


Оның айтуынша, қалалар үшін бірыңғай сәулет стилі ережесі, сондай-ақ техникалық шарттарды беру кезінде эскиз жобаларын, нысандардың бас жоспарларын беру кезінде жергілікті атқарушы органдарда артық келісуді алып тастау мақсатында егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу тәртібі енгізіледі.


Тапсырыс берушінің жерге тиісті құқығы болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың қосымша шешім талап етуіне тыйым салынады. Банкроттық және оңалту рәсімдерін қаржыландырудың қосымша көздерін тарту үшін, келесі шара болып, факторинг және қаржы лизинг құралдарын енгізу көзделеді.


«Сонымен қатар, жер және құқықтық кадастрды кейіннен біріктіру мақсатында жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы қызметтерді Әділет министрлігінен «Азаматтарға арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясына» беру ұсынылады», - деді Тимиур Сүлейменов.


 




Көрілген: 336    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.04.2018, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30