Нарық

Жылжымайтын мүлікті тіркеуге арналған мемлекеттік баж төмендейді

  • Жылжымайтын мүлікті тіркеуге арналған мемлекеттік баж төмендейді

    Жылжымайтын мүлікті тіркеуге арналған мемлекеттік баж төмендейді

Жылжымайтын мүлікті тіркеу рәсімін жеңілдету үшін бірыңғай кадастр жүйесін құру жоспары түсіндірілді.


«Азаматтарға арналған үкімет» екі кадастрды біріктіруді және жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрының ортақ жүйесін құруды жоспарлап отыр. Біз бюджетке жүктемені азайтып жатырмыз, себебі бұл мақсаттар мемлекеттік корпорацияның жеке қаржысыесебінен іске асырылатын болады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов Мәжілістің жалпы отырысында.


Осы орайда ол аталған қадамдар үшін дайындық жұмыстары атқарылғанын жеткізді.


«2017 жылдың наурызынан қызметкерлерді оқыту шараларын жүргіздік. Сондықтан бұл түзетулер қабылданған жағдайда біз еш қиындықсыз жылжымайтын мүлікті тіркеуді іске асырамыз. Біз алдын ала бұл мәселелерді Әділет министрлігімен талқылап шықтық, сондай-ақ мемлекеттік баж құнын азаматтар үшін төмендетуді жоспарлап отырмыз», – деп түсіндірді ол.


Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. 


islam.kz




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.02.2018, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30