Нарық

Қаржы министрі жемқорлыққа ең бейім саланы атап көрсетті

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Жемқорлық ең бейім сала мемлекеттік сатып алудағы құрылыс саласы болып табылады, деп хабарлады Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.


"Құқық қолдану тәжірибесі көрсеткендей, жемқорлыққа ең бейім сала – мемлекеттік сатып алудағы құрылыс саласы, ол жерде сұранымдарды жаппай қабылдамау себептері жобалық-сметалық іс-қағаздармен байланысты", — деді Сұлтанов мәжілістегі үкімет сағатында.


Оның айтуынша, конкурстық іс-қағаз шектен тыс құжаттар санын талап етіп, ескірген әдістемені пайдаланады. Жемқорлыққа әкеліп соқпас үшін, министрлік құрылыс саласындағы сатып алулар бойынша жеткізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдету жұмысын атқаруда, деп атап өтті Қаржы министрлігінің басшысы.


"Мемлекет басшысының 2017 жыл 31 қаңтардағы Жолдауын орындау мақсатында шығарылған заң жобасына тиісті түзетулер енгізілді. Жуық арада оны сіздердің қарауларыңызға ұсынуды жоспарлап отырмыз", — деп түсіндірді Сұлтанов.

Дәлірек айтқанда, материалдық және еңбек ресурстары бойынша талаптар жойылатын болады, өйткені оны құрылыс жұмыстарын жүргізуге берілген лицензия растайды.


"Біздің пайымдауымызша, көрсетілген түзетулерді қабылдаған жағдайда құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулар кезінде тапсырыс берушілер мен мемлекеттік аудит органдары тарапынан жемқорлық қаупі төмендейді", — деді министр.


Sputnik




 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.11.2017, 12:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31