Нарық

Қашағанда тәулігіне 300 мың баррельге жуық мұнай өндірілетін болады

  • Қашағанда тәулігіне 300 мың баррельге жуық мұнай өндірілетін болады

    Қашағанда тәулігіне 300 мың баррельге жуық мұнай өндірілетін болады

Қашағанда тәулігіне 300 мың баррельге жуық мұнай өндірілетін болады. Бұл туралы ОПЕК-тің мониторинг жөніндегі комитетінің отырысында Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.


Мағзұм Мырзағалиев елдегі ірі кен орнындағы өнімді күніне 300 мың баррельден асыру жоспарланбағанын атап өтті.


«Қазір біз 210-215 мың баррель өндіреміз. Одан да көп болды, иә, бірақ кейінгі айларда біз жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз әзірше тәулігіне 370 мың баррельге жетуді мақсат етеміз дей алмаймыз, бірақ күніне 300 мың баррель деңгейін тұрақтандыру қажет»,- деп атап өтті Мырзағалиев.


Оның айтуынша, бұл мақсатқа бірінші жартыжылдықтың соңына дейін қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, министрдің орынбасары Қазақстанның Қашаған аясындағы келісім бойынша өзінің квотасын орындамайтынына ОПЕК-тің қандай көзқараста екенін айтып берді.


«Біздің серіктестер бұған түсінікпен қарайды, бұл жерде мәселе шағым жасауда емес, біз қосылған кезде Қашағанды шеттете алмаймыз деп бірден айттық», - деді Энергетика министрлігінің өкілі.


 




Көрілген: 426    Пікірлер: 0

жұма, 20.04.2018, 20:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31