Нарық

Кәсіпкерлерге ескерту: Қандай жағдайда жоспардан тыс тексеру болады?

  • Кәсіпкерлерге ескерту: Қандай жағдайда жоспардан тыс тексеру болады?

    Кәсіпкерлерге ескерту: Қандай жағдайда жоспардан тыс тексеру болады?

Жоспардан тыс тексеру жасырын өтініш берген кезде жүргізілмейді.


Жоспардан тыс тексеру кәсіпкерліктің нақты субъектілері мен объектілеріне қатысты анықталған деректер мен жағдайларда және жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болған кезде жүргізіледі, деп жазады “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы.


Тексеру негіздемелері:


1) тексеру қорытындысы мен өзге де бақылау, қадағалау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымның (қаулы, ұсыныс, хабарлама) орындалуын бақылау;


2) құқығы бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) және мемлекеттік органдардың өтінімдерінен басқа, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңдық мүддесіне қауіп төнуі мүмкін деген нақты деректер бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары;


3) құқығы бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) және мемлекеттік органдардың өтінімдерінен басқа, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңдық мүддесіне қауіп төнгені туралы нақты деректер бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары;


4) адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттік заңдық мүддесіне қауіп төнуі немесе келтірілген зияны туралы нақты деректер бойынша прокуратура органдарының тапсырмасы;


5) адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттік заңдық мүддесіне қауіп төнуі немесе келтірілген зияны туралы нақты деректер бойынша мемлекеттік органдардың шағымдары;


6) тексеру жүргізу үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында субъект азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғаларға қатысты ыңғайласпа тексеру;


7) тексерілген субъектінің алғашқы тексерумен келіспеуі туралы шағымымен байланысты қайта тексеру;


8) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық кодексінде қарастырылған негіз бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;


9) Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 627-бабында анықталған мәліметтері мен мәселелеріне салық төлеушінің өтінімі;


10) тексерілетін субъектінің қызметін немесе ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңымен бекітілген тәртіпте белгілі бір әрекеттерді жүргізудің басталуы туралы хабарлама беруі;


12) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер саласындағы ҚР заңнама талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда адамның өмірі мен денсаулығына және тіршілік ету ортасына қауіп төндіретін өнімдердің сұрыпталуы мен санитарлық-эпидемиологиялық талдау нәтижесі.


naryk.kz


 




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.04.2017, 13:15

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Наурыз, 17:07
Ең пайдалы бизнес

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30