Нарық

Қазақстан автомобиль жасаушылары Өзбекстан нарығынан айрылып қаламыз ба деп үрейлі

  • © Forbes Казахстан

    © Forbes Казахстан

Қазақстандық автокөлік өндірушілер үшін Өзбекстан шекарасы жабық. Осылай деген "Қазавтоөндіріс" басқарма төрағасы өзбек нарығынан қағыламыз ба деп үрейленеді. Олег Алфёров мұны «Астана» телеарнасына берген сұхбатында айтты.


Айтуынша, өзбек билігі кейбір тауарлардың кедергісіз өтуіне жағдай жасаған. Алайда, біздің көліктерге тыйым салатын акциздерді сақтап қалған. Яғни отандық көліктерге шектеу бар дейді ол. Бірақ көрші Ресей мен Украина көліктерін ала шапанды ағайын өздеріне кедергісіз кіргізіп жатқанға ұқсайды. Олар тек 2 пайыздық кедендік тарифті төлейтін көрінеді.


Алферовтың айтуынша, Қазақстанның жағдайы шектеліп, өзбектерге көлік жеткізуші өзге елдермен тең дәрежеге түсе алмай отыр.


Естеріңізде болса, қыркүйектің ортасында Ташкентте қазақ-өзбек бизнес-форумы өтіп, отандық көлік өндірушілер өз өнімдерін көрсетіп, экспорттың шарттары жеңілдей ме деп үміттеніп еді.


Олег Алфёров, «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы:


- Құзырлы ведомство өкілдерімен жұмыс тәртібінде Қазақстан өнімдерін Өзбекстан нарығына жеткізу мәселесін қарап жатырмыз. Өзбекстанда кроссоверлар мүлдем шығарылмайды. Ал қазақ тарапы өзбектерге дәстүрлі отынмен жүретін көліктермен қатар, оларда көп танымал болып бара жатқан газбен жүретін көліктерді жеткізуге де дайын. Бірақ әзірге ешқандай жоспар туралы айта алмаймыз, өйткені бізге шекара жабық.


«Қазавтоөндіріс» ұлттық экономика министрлігінен көмек сұрап, тиісті хат жолдағандарын айтты. Құзырлы министрлік біздің арнаға бүгін сұхбат бере алмады. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады.


 




Көрілген: 861    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.09.2017, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30