Нарық

Қазақстан Байқоңырдан қанша пайда тапты

  • Қазақстан Байқоңырдан қанша пайда тапты

    Қазақстан Байқоңырдан қанша пайда тапты

Кешенді жалға бергелі мемлекет бюджетіне бірнеше миллиард доллар түскен

«Байқоңыр» кешені жалға берілгелі Қазақстан бюджетінің кіріс бөлігіне 2,645 миллиард АҚШ доллары түсті. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің «Халық коммунистері» фракциясының депутаттық сауалына берген жауабында айтылды, деп хабарлайды «
ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Қара қарды жаудырған «АрселорМиттал Теміртау»

Сауалда депутаттар Ақай мен Төретам қалаларының даму келешегіне, сонымен қатар қазақстандық және ресейлік азаматтардың еңбекақы шарттарының теңқұқықтылығына алаңдаушылық білдірді.


Ақай мен Төретам қалаларының дамуына қатысты премьер-министр аталмыш шаһарларда әлеуметтік нысандар мен жолдар, су жүйелері жөнделіп, жаңадан салынатынын хабарлады. Сонымен қатар, Қармақшы ауданында «Байқоңыр» ойын-сауық, туристік аумағын құру бойынша жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл жоба келешекте мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашады деп күтілуде.


Үкімет басшысы теңқұқықты еңбек шарттары туралы жауап бере келе, Байқоңырдың 1995 жылғы мәртебесі туралы келісімді еске салды. Оған сәйкес, қала тұрғындарын саяси нанымына, нәсіл мен ұлтына, әлеуметтік шығу тегі, жынысы, әлеуметтік және мүліктік хал-жағдайына, тілі мен дініне қатысты шектеу қоюға жол берілмейді.


Ал екі елдің 2004 жылғы бекітілген келісімі бойынша, қазақстандық және ресейлік мамандар, ұйымдар «Байқоңыр» айлағындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда тең шарттар негізінде қатысады. Бұған қоса ресейлік тараппен қаржыландырылатын мекемелерде еңбек ететін Байқоңыр қаласының тұрғыны азаматтығына қарамастан Ресейдің заңнамасына сәйкес айлық алады.


Қазақстан азаматтары жіберілмейтін, Ресейдің мемлекеттік құпияларымен байланысты жұмыс түрлерінде ғана өзгешелік бар.


«Қазақстан азаматтарының «Байқоңыр» кешенінде еңбек құқықтарына шектеу қою жағдайы байқалмайды (...) Сонымен бірге, «Байқоңыр» кешенінде мүдделердің заңдылығы мен құқығын қорғау үшін сол қалада тұратын Қазақстан азаматтарының өтінімдерімен айналысатын ҚР Президентінің арнайы өкілі жұмыс істейді», - делінген жауапта. 




Көрілген: 829    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.01.2018, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31