Нарық

Қазақстан блокчейнге өту арқылы 4 млрд доллар үнемдейді – сарапшы

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Қазақстан қаржы жүйесін блокчейн базасына көшіру арқылы 3-4 млрд долларға дейін үнемдей алады. Осылай деп мәлімдеді Қазақстандағы Zion.city жобасының архитекторы Роберт Орландо Бекария, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.


Ол, алдымен, мемлекеттегі қаржы айналымының бірнеше млрд долларды құрайтынын сөз қылды. Спикердің айтуынша, осы ақшаның 3-4 млрд доллары тек эмиссия мен карточка қызметіне кетеді.


«Тіпті, мемлекет билігі көрші Қытайдан миллиард көлемінде несие алса, ақша аударымы үшін 3-4 млн доллар комиссия төлейді. Қаржы жүйесін блокчейнге ауыстырсақ, транзакция жасаған кезде аудиторлар мен делдалдар қажеті болмайды. Нәтижесінде ешкімге артық ақша төлемейсіз. Яғни келесіде Қазақстан блокчейнге ауысқан соң несие алса, көрсетілген қызмет үшін тек 10 доллар төлеуі мүмкін», - дейді әңгімелесуші.


Сарапшы қазіргі таңда транзакция үшін негізінен Visa және MasterCard сияқты жүйелердің ақша алатынын айтып өтті.


«Олардың барлығы америкалық ФРСЖ мен New York банкіне тәуелді. Блокчейн арқылы қазақстандық банктер аталған жүйелердің қызметін өздері орындап, Visa міндетін өздеріне жүктей алады. Нәтижесінде қазақстандық банктер жеңіске жетеді. Ал америкалық банктер жаңа бірнәрсе ойлап табуға мәжбүр болады», - дейді Бекария.


Спикер, мұнымен қатар, қаржы жүйесін блокчейнге ауыстырған соң мемлекетте ақшаның құнсыздануы төмендеп, ақша аударымдарының арзандай түсетінін айтты. Осының нәтижесінде несие пайызы да төмендеуі мүмкін.


«Сингапур моделінің негізінде қаржы орталығын құру үшін Қазақстанға $16 млрд қажет болады. Блокчейнде АХҚО-ны небәрі $5-6 миллионға құруға болады. Яғни бұл жүйе барлық жағынан ұтымды. Оның үстіне әлемде цифрландырылған заттар өте аз. Қазақстан кез келген жобаны цифрландырып, оны шетелде сата алады. Шын мәнінде, блокчейн жүйесі енді ғана дамып келеді. Қазақстан мұны ұтымды түрде пайдаланып алғаны жөн», - дейді әңгімелесуші. 




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

жұма, 22.12.2017, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30