Нарық

Қазақстан Қытайға газ экспорттау арқылы 900 млн доллар пайда табады

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

Қазақстан өз тарихында алғаш рет Қытайға газ экспорттай бастады. «ҚазТрансГаз» компаниясының тобы және газды өндіретін жер қойнауын пайдаланушы компаниялар экспортқа шығатын 5 млрд куб газ үшін қосымша 900 млн доллар пайда табады. Бұл туралы журналистерге ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


«Қазақстан өз тарихында алғаш рет Қытайға газ экспорттай бастады. Осы келісімшарт негізінде 1 жылдың ішінде Қытайға 5 млрд куб газ экспортталады. «ҚазТрансГаз» компаниясының тобы және газды өндіретін жер қойнауын пайдаланушы компаниялар экспортқа шығатын 5 млрд текше метр куб газ үшін қосымша 900 млн доллар пайда табады. Қазақстан газ құбырлары арқылы 10 млрд текше метр газды экспорттауға мүмкіндігі бар. Мұның барлығы Елбасының арқасында жүзеге асырылды. Екі елдің ұлттық компаниясы осы жоба бойынша бір жыл еңбектенді. Бүгіннен бастап, Қытайға газ экспорттай бастадық», - деді министр.


Қанат Бозымбаевтың айтуынша, биыл елімізде 40 млрд-тан астам газ өндіріледі. Оның 16 млрды экспортқа бағытталады. Ал 13-14 млрд куб газ ішкі нарықта пайдаланылады екен. 




Көрілген: 472    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 16.10.2017, 16:29

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30