Нарық

Қазақстан Ресейден бензин импорттауды уақытша тоқтатпақ

  • Қазақстан Ресейден бензин импорттауды уақытша тоқтатпақ

    Қазақстан Ресейден бензин импорттауды уақытша тоқтатпақ

Қазақстан Ресейден бензин импорттауды үш айға тоқтатуды жоспарлап отыр. Қазақстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресейден теміржолмен бензин тасымалдауға үш айға тыйым салу туралы бұйрық жобасын даярлады деп жазады Азаттық.


Бұйрық жобасына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен қаржы министрі келісім беруі керек. Бұйрық жарияланған соң он күн өткенде күшіне енеді.


Қанат Бозымбаев былтыр желтоқсанның басында Қазақстан жыл соңына дейін Ресейге дизель экспорттауға жарты жылға тыйым салатынын хабарлаған. Министр мұның алдында тыйым салуға Ресейде дизельдің бағасы қымбат болғандықтан Қазақстаннан жанармайдың осы елге жаппай тасымалдануы себеп екенін айтқан.


Қазақстан Ресейден бензин тасымалдауға 2018 жылы тамызда да үш айға тыйым салған. Ол кезде энергетика министрлігі Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты жаңаланған соң елде бензин қоры сұранысты артығымен өтейтінін мәлімдеген. 




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 20:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31