Нарық

Қазақстанда 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының көлемі артады

  • Қазақстанда 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының көлемі артады

    Қазақстанда 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының көлемі артады

Биыл 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі, бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.


Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесі қайта қаралған. Толыққанды еңбек өтілі уақытын анықтау үшін 2 миллионға жуық қазақстандықтың құжаттары түбегейлі тексерілген.


"Зейнет жасындағы азаматтарға берілетін сома көлемі еңбең өтіліне қарай 54 -100 пайыз аралығын құрап отыр. Бұл өзгеріс 2 миллион адамды қамтиды. Оның ішінде 1 миллионға жуығы ең жоғары зейнетақыны алады. Қалған 930 мыңының зейнетақысы 37-ден 81 пайыз деңгейінде болады", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.


Халыққа есеп беру барысында Мәдина Әбілқасымова елге оралатын қандастардың мәселесіне де тоқталды. Ақпарға сенсек, жыл сайын Қазақстанға келетін отандастардың саны 20 мыңға жуықтайды. Бірақ заңдық тұрғыда көбіне елде жұмыс істейтін шетелдіктерге жағдай жасалған. Іс жүзінде демографияны көтеріп, елге оралатын азаматтардың бейімделуіне ешбір қолдау жоқ. Осыған орай, аталмыш ведомство ағымдағы жылы көші-қон мәселесін ретке келтіретін қадамдарды қолға алмақшы.


 


kaz.tengrinews.kz


 




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.07.2018, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30