Нарық

Қазақстанда 14 мың теңгелік әлеуметтік жәрдемақы енгізілді

  • Қазақстанда 14 мың теңгелік әлеуметтік жәрдемақы енгізілді

    Қазақстанда 14 мың теңгелік әлеуметтік жәрдемақы енгізілді

Биылғы жылдың шілде айынан бастап Қазақстанда жаңа әлеуметтік жәрдемақы түрі енгізіледі. Аталған көмек түрі кәмілеттік жасқа толмаған бірінші топ мүгедектерінің қамқоршыларына арналған. Мемлекеттің бұл қамқорлығынан шамамен 14 мың отбасы үмітті деп хабарлайды Хабар24 телеарнасы.


Бұған дейін әлеуметтік жәрдемақы 18-ге толмаған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ата-аналарына төленіп келген еді.

Астана тұрғыны Нағима Жұмабектің ұлы – бала күнінен бірінші топ мүгедегі. Ол – 28 жаста. Жас жігіт бас-ми жарақатын алған. Өткен жылы оның отбасына 3 бөлмелі пәтер берілген. Алайда мүгедек жанның қамқоршысы ретінде әйел көмек алып көрмеген.


“Тек зейнетақысын алып келдік. Ал 18-ге жасқа толғанға дейін бірде бір рет жәрдемақы алмадық. Аспаз болып түнгі ауысымда жұмыс істеймін. Ержанның қасында міндетті түрде біреу болуы керек. Ал түнгі уақытта күйеуім мен қызым үйде. Күндізгі уақытта біреуі жұмыста, екіншісі сабақта”, – дейді Нағима Жұмабек.

Бірінші топ мүгедектеріне қамқоршылық ететін тұлғаларға әлеуметтік жәрдемақы шілде айынан бастап беріледі. Мемлекеттен берілетін ақша көлемі – кемі 29 699 теңгеден басталады. Бұл орайда мүмкіндігі шектеулі азамат пен қамқоршысының бір елді мекен аумағында тұруы шарт.


Тағы бір атап өтетін жайт, кәмілеттік жасқа толмаған, қабілеті жоқ немесе нарко-психодиспансерде есепте тұрған тұлғалар көмек ала алмайды.


“Егер отбасында 2 не одан да көп 1 топ мүгедегі болса, әлеуметтік жәрдемақы отбасының әр мүшесіне төленеді. Өтінішті мүмкіндігі шектеулі азаматтың өзі жазып, өзіне қамқор болатын адамды атап көрсетуі қажет. Сондай-ақ, ол бір жыл ішінде қамқоршысын екі ретен дейін ауыстыра алады”, – дейді еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төраға орынбасары Дәмежан Сәдуақасова.


Бұған дейін әлеуметтік жәрдемақы бала жасынан мүгедек тұлғалардың ата-аналарына ғана төленіп келді. Елімізде аталған жәрдемақыдан 14 мың отбасы үмітті бола алады. 




Көрілген: 1096    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.07.2018, 14:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31