Нарық

Қазақстанда банктерге ипотекалық қарыз үшін комиссия алуға тыйым салынды

  • © Телеканал 360

    © Телеканал 360

2018 жылдың 16 шілдесінен бастап банктердің ипотекалық қарыз бойынша банк шотын жүргізгені үшін комиссия алуына тыйым салу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Комиссиялар тізбесін оңтайландыру және қарыз алу және оған қызмет көрсету кезінде қарыз алушылардың шығыстарын қысқарту шеңберінде Ұлттық Банктің бастамасы бойынша 2018 жылғы 16 шілдеден бастап Банктер туралы заңға ипотекалық қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банк шотын жүргізгені үшін банктердің комиссиялар белгілеуіне және алуына, сондай-ақ Заңның нормасы қолданысқа енгізілгеннен кейін (2018 жылдың 16 шілдесінен бастап) жеке тұлғалармен жасасқан ипотекалық қарыз шарттары бойынша банк шотына қарызды есепке алуға тыйым салу енгізілді.


"Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес барлық жеке тұлғаларға қатысты қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банк шотын жүргізгені үшін, сондай-ақ, банк шотына қарызды есепке алу үшін комиссияларды жою туралы осындай норма қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауындағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасында қамтылған", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметіндегілер.


Еске сала кетейік, Ұлттық Банк 30 мамырда Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіткен болатын.


"Комиссиялар тізбесі банктер өндіріп алатын комиссиялар санын айтарлықтай қысқартуға және оларды атаулары мен мағыналық мәндері бойынша бірегейлендіруге мүмкіндік берді, бұл қарыз алушылар үшін оларды барынша түсінікті етті. Комиссиялардың тізбесі 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған банктік қарыз шарттарына, яғни ол қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады. Бұл ретте, жеке тұлғалармен 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған банктік қарыз шарттары бойынша банктер, Банктер туралы заңның 39-бабына сәйкес, банктік қарыз шартында көрсетілген және Операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларда белгіленген комиссияларды алуға құқылы", - деп түсіндірді банк өкілдері.

 




Көрілген: 288    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.08.2018, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 14:13
    Алматыда 1000 үй сүрілмек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31