Нарық

Қазақстанда бизнес ашу үшін берілетін несиенің шекті көлемі ұлғайды

  • Қазақстанда бизнес ашу үшін берілетін несиенің шекті көлемі ұлғайды

    Қазақстанда бизнес ашу үшін берілетін несиенің шекті көлемі ұлғайды

Қазақстанда бизнес ашу үшін берілетін несиенің шекті көлемі 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, несиенің шекті көлемі 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылып, мерзімі 5 жылға дейін, ал егер мал шаруашылығы немесе ауыл шаруашылық кооперативтерін құру үшін болса, мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды. "Жалпы алғанда, 2017 жылы 7 мыңға жуық шағын несие беріліп, 57 пайызы немесе 4 мыңнан астамы өз бизнесін бастады (стартап-жобалар). "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасының іске асырылуы - кәсіпкерлік негізде несие алу және оқу арқылы өз бизнесін ашу үшін жағдай жасауды көздейді", - дейді мамандар. Айта кетейік, 2017 жылы "Бастау-Бизнес" жобасымен 15 мыңнан астам адам қамтылған. Олардың барлығы оқудан өтіп, оның ішінде шамамен 3 300 адам шағын несие алды. Қазіргі таңда шағын несиелеудің ауқымы кеңейіп, ауыл тұрғындарымен қатар қалалық азаматтардың да мұны алуға мүмкіндігі бар.




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сенбі, 27.01.2018, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30