Нарық

Қазақстанда бос жер телімдері арнайы порталда жарияланады

  • © Казинформ

    © Казинформ

Үкімет пен «Нұр Отан» партиясы арнайы геоақпараттық порталды әзірлеп жатыр. Бірнеше айдың ішінде жаңа жүйе xалыққа таныстырылуы мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазіргі кезде геоақпараттық жүйені әзірлеу шаралары атқарылып келеді. Аталған жұмысқа партия мамандары да атсалысуда.


«Бұл жүйеде бос жер телімдері туралы ақпарат ашық жарияланады. Әкімдіктер арқылы жалға берілетін, сатылатын жерлер болса, барлығы ақпараттық жүйеде көрсетілуі шарт. Ашығын айту керек, дәл осы салада жемқорлық көп. Өйткені ақпарат ашық түрде жарияланбайды. Жер телімдері туралы ақпараттың бәрі жабық. Сондықтан жаңа портал арқылы жер телімдері туралы толық ақпарат жариялаймыз деген ойымыз бар. Аукциондар, коммуникациялар, жердің бағасы - бәрі-бәрі жаңа жүйенің ішінде болады», - деді М.Әшімбаев NurOtan Trends алаңында.


Оның айтуынша, геоақпараттық порталда аукционға қатысу функциясы да болады. Кез келген адам электронды форматта өтінім беріп, аукционға қатыса алады. Сөйтіп, жерді жалға немесе жеке меншікке алуға мүмкіндік бар.


«Қазіргі кезде біз Үкіметпен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Осы жұмысқа Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев жауапты. Меніңше, алдағы бірнеше айдың ішінде нақты бір нәтижелерді көрсетуге тырысамыз», - деп атап көрсетті М.Әшімбаев.

 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.07.2018, 20:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31