Нарық

Қазақстанда ислам қаржыландыру нарығы не себепті дамымай тұр

  • Қазақстанда ислам қаржыландыру нарығы не себепті дамымай тұр

    Қазақстанда ислам қаржыландыру нарығы не себепті дамымай тұр

Халық үшін исламдық қаржыландыру нарығы дәстүрлі банкинг нарығына қарағанда қымбатырақ. Бұл туралы онлайн-конференция кезінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


«2008 жылы ислам банктерінің жұмыс істеуі үшін қажетті барлық заңнамалық шарттар жасалды. Әзірге бізде бір ислам банкі ғана толық жұмыс істеп тұр, ал екіншісі жұмыс істеу үшін дайындалуда», - дейді Ұлттық банк төрағасы.


Ислам банктері жүйесіндегі активтерінің үлесі 0,2% -дан аз. Данияр Ақышев Қазақстанда исламдық қаржыландырудың не себепті аса танымал еместігінің бірнеше себебін айтты. Біріншіден, халық ислам банктері ұсынатын қызмет түрлері туралы толық ақпарат білмейді. Екінші, бұл банктердің бөлімше желілері жоқ, сондықтан олардың тұтынушылары көп емес.


«Үшінші мәселе жүйеге қатысты. Дәстүрлі ислам банкі ұсынатын өнімнің пайызы болмағанмен, дәстүрлі банк өнімдеріне қарағанда қымбатырақ болады. Олардың бағалау жолдары басқаша түрде жүзеге асырылатындығы түсінікті. Дегенмен біз есептеп көргенде исламдық жекелей өнімдер біздің халық үшін қымбат болатынына көз жеткіздік», - дейді Данияр Ақышев.


Оның айтуынша, исламдық қаржыландыру нарығының дамуы Қазақстанда бастапқы кезеңде тұр.  




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

жұма, 23.02.2018, 14:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31