Қазақстанда жалақы неге төмен?

Қазақстанда жалақы неге төмен?

Жалақың жоғары болса жағдайың да жақсара түседі. Айлығы көп жұмысқа кез келген адам орналаса бермейтіні бесенеден белгілі. Ол үшін әрине білікті маман болуы керек.

Көп жағдайда тәжірибеңіздің молдығы да жалақыңыздың жоғарылауына әсер етеді. Дегенмен күнделікті өмірде мықты мамандардың бағаланбай жататын кездері де жиі кездеседі. Аз айлықпен күн көріп, бір емес бірнеше жұмыс істеп жүрген жандар қаншама?!

Түптеп келгенде, мәселенің бәрі ақшаға келіп тіреледі. Сол үшін адамдардың көпшілігі еңбекте табысты болуға ұмтылады, жоғары лауазымды қызмет атқарғысы келеді.

Қазақстанда айлық жала­қының мөлшері жұмысшының біліктілігіне, жұмыстың қиын­дығына, саны мен сапасына, сонымен қатар еңбек шaр­тына байланысты дифференциялы түрде бекітіледі. Өзге елдерде де солай. Бірақ… Әр елде айлық жалақының мөлшері әртүрлі. Бір елде төмен, ал бір елде жо­ғары.

Алдымен өз еліміздегі жалақының жай-жапсарын сөз етейік.

2018 жылғы статистика бойын­ша Қазақстандағы жала­қының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ) – 28 284 теңгені құрады. Ал 2017 жылы елімізде мини­мал­ды айлық пен ең төменгі күн­көріс деңгейінің мөлшері 24 459 теңге болған. Бұл – өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен көрсеткіш.

2017 жылы «Школа Инвес­тора» сайтының мәлімдеуінше, әлемдегі орташа жалақы рейтин­гісінде 157 елдің ішінде Қазақ­стан 86-орынға тұрақтады.

Ста­тистика бойынша жалақысы ең көп ел – Швейцария атанған. Бұл елдегі орташа жалақы – 3855 доллар. Одан кейінгі орындарға Норвегия мен Люксембург жай­ғасқан. Екі елдегі жалақы мөл­шері – 3781 және 3565 дол­лар. Ал жалақысы ең төмен ел Зимбабве екені анықталыпты. Ондағы орташа жалақы бар бол­ғаны – 21 доллар.

Бұл рейтингте Ресей 69-орынға табан тіре­генін де айта кетейік. Олардың ор­таша жалақысы 615 доллар шамасында болған.

Биыл еліміздегі Статистика жөнін­дегі комитет өкілдері қазақ­стандық­тардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден аса­тынын мәлімдеді. Статис­ти­кадағы мәліметтер ел тұр­ғын­дарының табысы артып, жұмыссыздық саны азайғанын да айғақтайды. Алайда көпшілік мұндай көрсеткішке көп сенің­кіремейді.

«Финпотребсоюз» АҚ төра­ғасы, экономист Айдар Әлібаев­тың айтуын­ша, есеп жүргізу үшін салалар бойына орташа көрсеткіш алынады екен. Ол сонымен қатар еліміздегі орташа жалақының 70-80 мың теңге деңгейінде екенін де тілге тиек етті.

Тізімге көз сала отырып, Бе­лоруссия мемлекеті жалақы көрсеткіші бойынша Қазақстан мен Ресейден алда екенін бай­қадық.

Әлеуметтік саяси инсти­туты Жоғарғы экономика мек­тебінің ма­мандары ТМД елде­рінде, Шығыс Еуропада, Қы­тайда және Бразилияда табыс көзін есептей келе, долларға шаққанда осындай шешімге келді.

Мына қызыққа қараңыз, өткен жылы Белоруссияның орта есеппен ай сайынғы жалақы мөлшері – 1648 доллар болған. Ал Ресейдегі жалақы мөлшері – 1640 долларды құрады. Үшінші орында 1364,1 доллармен Әзірбайжан мемлекеті тұр. Қазақстан 1252,5 доллармен төртінші орынға табан тіреді.

Дегенмен номиналды бағам ва­лю­тасы бойынша ресейліктер – алда. 2017 жылы Ресейде орта есеппен жалақы мөлшері 670,9 доллар болды. Екінші орында Қазақ­стан – 459,1 доллар, Бе­ларусь – 421,9 доллар, ал Әзір­байжанда – 306,7 доллар.

Польша мемлекетінің орташа жала­қысы Ресейдің жағдайынан әжептәуір озық болып шықты. Шығыс Еуропа елінің орташа жалақысы $1250 дейін көте­ріл­ген.

Ұлттық банктің 12 ­ақпанға белгілеген бағамы бойынша ал­сақ, 1 АҚШ доллары – 327,32 тг. Демек, 409 150 тг.

Отандық Lsm.kz порталы: «Қа­зақ­станның ең төмен жала­қысы – Еура­зиялық экономи­калық одақ елдеріндегі (ЕАЭО) ең аз жалақылардың бірі» деп хабарлайды. Елімізде 2018 жылы ең аз жалақы мөлшері 14 пайызға өсіп, 24 459 теңгеден 28 284 теңгеге дейін артты. Бірақ әлі де 100 долларға жеткен жоқ.

Қазақ­станның төмен табысы ЕАЭО елдерінде тек Қырғызстаннан ғана жоғары тұр. Көрші ел 17 доллар жалақысымен ең төменгі көрсеткішке ие.

2017 жылдың қараша айында Қыр­ғызстан үкіметі елдегі ең аз жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4-5 есе аз екеніне алаңдаушылық білдірді.

ЕАЭО елдерінің ішінде ең төменгі жалақы көрсеткіші Ресейде ең жоғары, оның мөл­шері 164,6 долларды құрайды. Бұл көрсеткіш Белоруссияда 154,6 доллар көлемінде. Арме­нияда минималды жалақы 100 доллардан асады.

Бұдан басқа, АҚШ-тың әр штатында әртүрлі ең төмен жалақы деңгейі бар.

Қорыта айтқанда, еліміздегі жалақының жайы бүгінде халықтың бас ауыртар басты мәселесіне айналды. Аме­ри­калықтар қазақстандықтардың бір айлық табысын, орта есеп­пен, бір апта ішінде таба алатынын естіген боларсыз. Біздің әл-ауқатымыздың қай деңгейде екенін осыдан-ақ бағамдай бе­руге болады.

aikyn.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста