Нарық

Қазақстанда жеңілдетілген ипотеканы беру басталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Еліміздің 13 өңірінде жаңа баспаналы болуға жеңілдетілген ипотеканы ұсыну басталды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


«Құрылыс салушылармен баспана тұрғызуды ынталандыру бойынша жұмыс жүріп жатыр, осы орайда олардың несиелерін субсидиялау ескерілген. Бүгінде екінші деңгейлі банктердің қарауына құрылыс компанияларынан 57,5 млрд теңгенің 33 жобасы келіп түсті. Жалпы, 31 млрд теңге сомасындағы 14 жоба мақұлданды», - деп тоқталды Р. Скляр Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджет қаржысын мақсатты әрі тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша комиссияның отырысында.


Оның сөзіне қарағанда, осы арқылы құрылыс салушылар жылдық 10 пайыз мөлшерінде несие алады, ал мемлекет несие бойынша 7 пайыз көлемінде сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін өтеуге жауапкершілікті өзіне алады.


«Республиканың 13 өңірінде жаңа баспананы алуға халыққа жеңілдікті ипотеканы ұсыну бойынша екінші деңгейлі банктермен тиісті жұмыстар басталды. Бүгінде банктер жалпы сомасы 4,3 млрд теңгенің өтінімдерін қабылдады, оның ішінде 4 млрд теңгеге тарта сомадағы өтінімдер мақұлданды. Бұл бағытта да түпкілікті қарыз алушыға дейін оның құны жылдық 10 пайызды құрауы үшін, мемлекет өзіне 7 пайызға дейін ипотеканың сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін өтеу тұрғысында міндеттемені алады»,-деп түсіндірді Скляр.


 




Көрілген: 737    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 26.09.2017, 19:35

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30